Юные спасатели посетили пожарную часть
Ақмола облысында «Жас құтқарушы» үйірмелері белсенді жүргізілуде, онда оқушыларға жас кезінен бастап қауіпсіздік мәдениеті егіледі.
Осы үйірменің жұмысын ұйымдастыру аясында Ақкөл қаласының жас құтқарушылары № 26 өрт сөндіру бөліміне барды. Балалар үшін экскурсия және бейнероликтер көрсетумен түсіндірме әңгіме ұйымдастырылды.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты балаларды төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттерге және алғашқы медициналық көмек көрсетуге үйрету болып табылады.
Айта кетейік, Ақкөл қаласындағы Жас құтқарушы үйірмесін №26 ӨСБ қарауыл бастығы Ернар Сайлаубеков пен азаматтық қорғау органдарының зейнеткері Арман Нөгербеков жүргізеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация