Сайлауды кәсіби және сауатты бақылау – маңызды міндет
«Партиялық емес бақылау орталығы» РҚБ Ақмола облыстық филиалының төрағасы Ерлан Закирьянов сайлау процесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ақмола облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
Көкшетаудағы №41 сайлау учаскесіне бекітілген бақылаушы сайлаушылар белсенділігінің жоғары екенін атап өтті.
Ел болашағын айқындайтын сәтте азаматтардың белсенділік танытып жатқаны қуантады. Учаскеде тіркелген 2892 сайлаушының ішінде 23 адамның мүгедектігі бар. Бүгін 17 адам алғаш рет дауыс берді. Учаске сайлау процесі үшін қажетті барлық атрибуттар – стационарлық және тасымалданатын урналар, стендтермен толық жабдықталған. Онда сайлаушылар учаскедегі мінез-құлық ережелері, сайлау процесін бұзғандар үшін жауапкершілікпен таныса алады
- дейді бақылаушы.
Ол атап өткендей, залдағы бес кабинаның біреуі мүм