Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің qamqor.gov.kz ақпараттық порталында әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғаларға қатысты тексеру функционалы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің маңызды басымдықтарының бірі ақпараттық жүйелерді үнемі жаңғырту және жетілдіру, Мемлекет басшысының, Бас Прокурордың тапсырмаларын іске асыру жөніндегі бағдарламалық құжаттарды уақтылы және сапалы орындау болып табылады.
Бүгінде Қарағанды облысы бойынша департаментінің "Арнайы есепке алу" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне сәйкес облыс бойынша сот әрекетке қабілетсіз деп таныған 3635 адам есепте тұр.
Азаматтың өз іс-әрекеті арқылы азаматтық құқықтарды алу және жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттер туғызу және оларды орындау (азаматтық әрекет қабілеттілігі) кәмелетке толған кезде, яғни он сегіз жасқа толғанда толық көлемде туындайды.
Заң актілерінд