Ақмола облысында кітап және қолөнер жәрмеңкелері ұйымдастырылды
Ақмола облысының бірқатар аудандарында дауыс беру күні тұрғындар мен қонақтар үшін кітап және қолөнер жәрмеңкелері, сондай-ақ қолданбалы өнер көрмелері ұйымдастырылды. Мұндай іс-шаралар тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, ұлттық мәдениетті насихаттауға және жергілікті шеберлерді қолдауға бағытталған.
Жарқайың ауданында Державинск қаласындағы №483, №484, №485 және №486 сайлау учаскелерінде кітап және қолөнер жәрмеңкелері өткізілуде. Келушілер түрлі әдебиеттермен танысып, көркем және танымдық кітаптарды сатып алуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар жәрмеңкеде халық шеберлерінің бұйымдары, кәдесыйлар мен жергілікті қолөнершілердің қолмен жасаған әртүрлі сәндік және тұрмыстық бұйымдары ұсынылған.
Буланды ауданында Макинск қаласындағы №277 сайлау учаскесінде де қолданбалы өнердің кітап жә










