Новая Конституция Казахстана вступила в силу. Поздравление акима Акмолинской области
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Сіздерді маңызды тарихи күнмен –15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймын. Осынау маңызы айрықша құжаттың қабылдануына қолдау білдіріп, азаматтық үнін қосқан барша ақмолалықтарға алғыс білдіремін.
Жаңа Конституция мемлекеттілікті нығайтудың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің, қоғамдық келісім мен мемлекетіміздің тұрақты дамуын сақтаудың берік негізіне айналады. Конституция бәрімізді ортақ құндылықтар – заң мен тәртіп үстемдігі, әділдік, өзара құрмет, жауапкершілік және жасампаз еңбек төңірегінде біріктіреді.
Бүгінде Ақмола облысы еліміздің басты астықты өлкесі бола отырып, Қазақстанның дамуына лайықты үлес қосып келеді. Тұрғындарымыздың бірлігі, еңбекқорлығы мен










