Жан досымның жарқын бейнесі жүректе
Алла адамды өзі жаратады және сызығы келгенде мәңгілік мекеніне алып кетеді. Ажалға кім араша тұра алғандай... Бұл жаратылыс заңы, оны ешкім де өзгерте алмайды. Жалған дүние кімдерді жылатпады дейсіз. Жақын адамынан, адал жарынан, сүйікті перзентінен, жақсы жолдасынан қапияда көз жазып, жүрегі қарс айрылғандар қаншама. Алланың ісіне амал жоқ, іштей мойынсұнып, жылай-жылай күн кешіп, аруағына Құран бағыштағаннан басқа қолдан не келеді?!
Мен бүгін осыдан қырық күн бұрын мәңгіден бақиға кенеттен озған адал досым, жан жолдасым, Зеренді ауданына қарасты Қарсақ ауылының тумасы, аяулы ата, асқар таудай әке, сүйікті жар, жанашыр бауыр Құрман Қабдоллаұлын сағынышпен еске аламын. Өзіміз еркелетіп «Құреке» атандырған жанның бойындағы барлық адами қасиеттерін айтып жеткізе алмапсын.Тумысынан қарапа