Тәуелсіздік туын биік көтеріп тарихты жалғастырар білікті де білімді мамандармен толысатынына да кәміл сенеміз
1465 жылы Алтын Орданың және 1468 жылы Өзбек хандығының ыдырау кезінде қалыптасқан, қазіргі Қазақстан мен оған іргелес мемлекеттер аумағында орналасқан - қазақ мемлекеті. Аумағының жартысынан көп бөлігі Орта Азияда , бір бөлігі Шығыс Еуропада орналасқан XV ғасырда тарих бетін түбегейлі өзгерткен мемлекет бүгінгі күні Тәуелсіздігінің отыз екі жылдығын тойлауда. Өзбек хандығындағы жемқорлық, саяси тұрақсыздық пен әлсіз үкіметтен шаршап, Керей мен Жәнібек сұлтандар өзіне бөлек шығып, қазақ хандығын құруға шешім қабылдайды. 1465 жылы киелі Жетісу өңірінде көш бастаған ұлы қазақ халқы Керей сұлтанды таңдап хан етіп тағайындайды. Еске сала кетсек тарих бойы қазақ хандығы өз аумақтарын үлкейтіп, қазіргі Қазақстанның территорияларының көбісіне ие болған.
Ертіс пен Еділдің, арқа мен Алатаудың ар