29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Пятница, 21 августа

Метка: Адамбеков

Тілектес Адамбеков Премьер-Министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады

Тілектес Адамбеков Премьер-Министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Тілектес Адамбеков Премьер-Министр Олжас Бектеновке «Таза Қазақстан» бастамасын одан әрі дамыту мәселесі бойынша депутаттық сауал жолдады. Депутат өз сауалында Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында табиғатты қорғау мен экологиялық тепе-теңдікті сақтау мәселелері ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастырумен қатар, ауыл шаруашылығы саласының мүддесін қорғау және табиғат пен адам арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажеттігіне назар аударды. Сауалда су ресурстарын тиімді пайдалану, экожүйені сақтау, «жасыл дәліздер» қалыптастыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау бағытындағы бастамаларды жүйелі түрде дамыту мәселелері де көтерілді.