29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Понедельник, 29 апреля

Тәртіпке бағынған құл болмайды

Қыркүйек айының 5 мен 7 аралығында Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінің аумағында өңірдің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніңдегі бөлімшелерінің топтарының) бастықтарымен және батальон командирлерінің орынбасарларымен үш күндік практикалы жиыны басталып кетті.

Жиынды «Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніңдегі орынбасары полковник Берік Тоқтаров жеке бастады.

Әскери бөлімдердегі қызмет, регламент, әрбір шаралардың өткізілуі тәрбиелеу мақсатында жасалады. Бұл тек тәрбиеші құрамының жеке міндеті емес, барша командирлер тарапына тікелей міндеті болып келеді, сондықтан әскер құрамындағы жұмыскерлікті, тапсырмалардың абыроймен орындалуы — еліміздің ішкі тәртібінде тұрған жауынгерлерімізге үлгі болу баршамыздың қасиетті парызымыз

— деді өңірдің бас тәрбиешісі Тоқтаров Берік Серікұлы.

Жиында әскерилер бөлімдерде жеке құрамның тәрбие жұмысын жаңа деңгейге көтеру үшін бірқатар маңызды мәселелерге тоқталып, баса мән аса назар аударды.

Шара кезінде Ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы генерал-майор Рүстемханов Ерсайын Шамгонович – «Әскери қоғамдық ұйымдармен, «Сарбаздардың аналар кеңестері мен бірлесе жұмыс жасаудың практикалық тәжірибесімен үйретіп бөліссе,
«Әскери қоғамдық ұйымдармен,» сарбаздардың аналар комитеті » РҚБ-мен жұмысы бойынша төрағасы Хайрулина Лилия Юрьевна қатысушыларға Аналар кеңесінің мүшелерімен бірлесе атқарылатын шараларға тоқталып, осы бағыттағы жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Бірінші күнде жиынға қатысушылармен тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасының бірқатар офицерлері жұмысты ұйымдастыру, әскери қызметшілерде қажетті моральдық-адамгершілік әскери жауынгерлік қасиеттерді қалыптастыру, имидждік жұмыс, психологиялық зерттеу, бөлімдегі мемлекеттік тілдің рөлі бойынша сабақтары жүргізілді. Алдыңғы уақытта жеке құраммен жұмыс істеудің негізгі нысандары мен әдістері талқыланып, әр офицердің басшылық құжаттарды қаншалық меңгергендіктері тексеріліп, жауынгерлік даярлықтың негізгі пәндері бойынша сынақтардан өтетін болады.

Атап өтсек, шараның басты міндеті бөлімдердегі өткізіліп жатқан жұмысқа қорытынды жасап, болашаққа жоспар құру, сардарлардың практикалық жұмысын пысықтау.

Шара соңы қыркүйектің 7-не жоспарланды.

Наше сообщество в Вконтакте. Подпишись, чтобы быть в курсе новостей!