5 желтоқсан күні Теміртау қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-лицейінде қаланың білім беру бойынша мектептердің педагог-психологтары, әлеуметтік педагогтар, ұйымдастырушы-педагогтар, сынып жетекшілерімен ауқымды қалалық «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында форум өткізілген болатын.
Форумның басты мақсаты балаларды тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептердің өзара іс-қимыл құрылымдарымен тәжірибе бөлісіп, академиялық адалдық қағидатын тәрбиелеу; моральдық нормаларды сақтау; адал еңбекті құрметтеу; шешім қабылдау және жауапкершілік сезімін қалыптастыру көзделді.
Шара барысында Ұлттық ұланның 5516 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қоян-қолтық ұрысының тәсілдерін көрсетіп, кинолог мамандар төрт аяқты сақшылардың білімділігін паш етті.
Мұндай шаралар әскери бөлім мен мектепаралық кездесулерде әрдайым өткізіліп тұрады, әскерге баулу бала кезден бастау алу керек демекші бүгінде біз форумға қатысып бала тәрбиелеу әдістері бойынша ойымызды жеткізіп, өзара пікір таластырдық,
— дейді 5516 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары майор Алексей Бондаренко.
Наше сообщество в Вконтакте. Подпишись, чтобы быть в курсе новостей!