29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Кабдуалиев Жумаш Ергалиевич

Рота командирінің ТжӘҚЖ орынбасары лейтенант

Әскери өмірде тәрбие жұмысының рөлі

Қарулы күш, кез келген мемлекеттің қазіргі таңдағы ғана емес, ерте заманнан келе жатқан елдігімен егемендігінің тізгіні, тәуелсіздігінің тірегі. Ел болам, көгерем деген қай елдің болмасын айбынды, жаужүрек сарбаздарға толы әскерінің болуы шарт. Сол сынды ержүректі, елжүректі сарбаздармен толыққан Қарулы Күш біздің елдің, дүние жүзі алдындағы беделінің мықты орнауының тетігі болып отыр. Жердегі жүрген осы қаһамандарды жасақтау барысында әскери өмірдің қосатын үлесі өте мағызды және оның алғышарты болып табылады.

Айтқандай арнайы жасақталған әскерлермен қатар қарапайым сарбаздардың өнбойына отан сүйгіштікпен өжеттілік, парасаттылық сынды нағыз батыр бойынан табылар қасиеттерді сіңдіру үшін, әскери өмірдегі тәрбиенің алар орыны бөлек.

Дүние жүзіндегі әскери саясаттың қарқынды және болжанбай дамуы, әлемге ықпал ету салдары, әлемдік және өңірлік державалар арасында қарсы тұрудың күшеюімен қатар, мемлекеттік және мемлекет аралық қайшылықтарды шешу барысында әскери күш рөлінің маңызды екендігін алға тартады.

Тәрбие адам тағдырын шешетін ұлы іс. Әскери тәрбие – бұл жеке тұлғаның әскери тәжербиені игеруі үшін бағытталған өзара әрекет ету процессі. Әскери тәрбие кәмелет жасына толған жеке тұлғаның отан сүйгіштік бейнесін, ержүрек мінез-құлқын қалыптастыру, әскери өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Біздің елімізде әскердің сапасы, олардың жеке құрамының моральдық психологиялық жағдайы мемлекттік саясат деңгейінде көтерілген. Өйткені, әскерилердің биік рухы, Қарулы Күштердегі қызметін мақтаныш тұтуы, сайып келгенде, жауынгерлік даярлықты және елдің қорғаныс қабілетін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Еліміз еңсесін тіктеп егемендік алған тұстан бері әскери тәрбие құрылымдары айтарлықтай дамыды. Бүгінгі таңда тәрбие және идеологиялық жұмыс органдары психологиялық, әлеуметтік және әскери-әлеуметтік салаларды, әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыруды қамтитын көпфункциялы құрылымға айналды. Тәрбие және идеологиялық жұмыс органдары құқықтық тәртіп пен әскери тәртіпті сақтауға елеулі үлес қосып келеді. Соңғы жылдары Қарулы күштердегі жағымсыз құбылыстардың саны айтарлықтай азайды. Ел Президентінің тапсырмаларын іске асыру шеңберінде әскери қызметшілердің қаза болуы мен жарақаттануын барынша азайтуға бағытталған «Өміріңді сақта» бағдарламасы қабылданып, іске асырылып жатыр.

Тәрбие жұмысын атқарушылармен қоғамдық ұйымдардың өзара іс қимылдары жанданып қарқынды бірігіп жұмыс жасай алуларының арқасында, қоғамның әскерге деген сенімін арттыруға үлкен үлес қосуына мүмкіндік берді. Бейбіт күннің батырлары атанған Ұлттық Ұлан батырларымен, қарулы күштер ардагерлерінің жастармен әңгіме, ой алмасу, өзгеде бағыттағы жұмысарды жасудағы әрекеттері сынды жұмыстар жасалып, әскерді одан әрі дамыту бағыттарын әзірлеуде қарқынды үлесін қосуда.

Офицер-тәрбиешілердің әскерлердің оқу-жауынгерлік қызметін, жауынгерлік кезекшілікті, қарауылдық және ішкі қызметті моральдық-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастырудағы қызметі аса маңызды. Оқу-жаттығу барысында жеке құрамда қажетті қасиеттерді қалыптастыру және қолдау, қарсыластың ақпараттық-психологиялық әсерінен қорғау мәселелері де пысықталады.

Бүгінде тәрбие құрылымдары әскердің барлық салаларында елдің қорғаныс қабілетін нығайту үшін тиімді жұмыс жүргізетін Қарулы күштердің маңызды институты десек болады.

Наше сообщество в Вконтакте. Подпишись, чтобы быть в курсе новостей!