17 декабря филиал партии «Ауыл» по Северо-Казахстанской области поздравил фотографа Даниила Чупринина, ставшего победителем республиканского фотоконкурса «Ауыл нақыштары».
Торжественное мероприятие провёл консультант регионального филиала партии Азамат Омаров.
Наша партия на постоянной основе реализует проекты, направленные на развитие и популяризацию сельских территорий. В течение года проходил конкурс «Ауыл нақыштары», который уже завершился. По его итогам представители нашего региона вошли в число лучших. По личному поручению председателя партии Серика Рахметоллаулы Егізбаева в регионах проводятся церемонии чествования победителей. Сегодня мы собрались, чтобы выразить признательность Даниилу Чупринину,
— отметил Азамат Омаров, открывая мероприятие.
В ходе встречи фотографу было вручено благодарственное письмо от имени председателя партии «Ауыл» Серика Рахметоллаевича Егизбаева, а также памятные часы с символикой партии.

В свою очередь Даниил Чупринин поделился впечатлениями от участия в конкурсе:
Честно говоря, это стало для меня неожиданностью. Изначально директор школы поставил задачу подготовить фотоматериалы на сельскую тематику и собрать новые кадры в этом жанре. Позже я узнал, что конкурс проходит в открытом формате. Так как я сам являюсь сельским жителем, тема оказалась мне близка и интересна. Я снимал повседневную жизнь аула — пастбища, поездки на велосипеде, вечерние прогулки, жизнь сельского двора — и отправил работы на конкурс. Искренне благодарю партию «Ауыл» за высокую оценку моего творчества и оказанное внимание,
— сказал фотограф.
В настоящее время Даниил Чупринин на протяжении четырёх лет руководит кружком фото- и видеосъёмки «Saint Lorenz» в школе-гимназии села Корнеевка Есильского района Северо-Казахстанской области. Среди его учеников — более десяти воспитанников.
В рамках мероприятия участникам была представлена информация о деятельности регионального филиала партии, а также состоялась открытая беседа с гостями на тему фотожурналистики.
Отметим, что республиканский фотоконкурс «Ауыл нақыштары» стартовал 29 ноября 2024 года и завершился 15 октября 2025 года. В конкурсе приняли участие 678 профессиональных и любительских фотографов из 20 регионов страны. Всего было принято 3366 фоторабот в четырёх номинациях, посвящённых жизни и культуре сельской местности.

Фотография, которая признана лучшей. Автор: Даниил Чупринин
Солтүстікқазақстандық фотограф үздік 100 суретшінің қатарына енді
17 желтоқсан күні «Ауыл» партиясының Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалы республикалық деңгейде өткен «Ауыл нақыштары» фотобайқауында үздік атанған фотограф Даниил Чупрининді салтанатты түрде құттықтады.
Құттықтау шарасын партияның өңірлік филиалының консультанты Азамат Омаров өткізді.
Партиямыз ауылдық өңірлерді дамыту және олардың әлеуетін насихаттау мақсатында тұрақты түрде түрлі акциялар, жәрмеңкелер мен конкурстар ұйымдастырады. Бір жылға созылған «Ауыл нақыштары» байқауы мәресіне жетіп, Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері де үздіктер қатарынан табылды. Партия төрағасы Серік Рахметоллаұлы Егізбаевтың тапсырмасына сәйкес өңірлерде жеңімпаздарды құттықтау шаралары өтіп жатыр. Бүгін біз Даниил Чупрининге құрмет көрсету үшін жиналдық,
— деді Азамат Омаров.
Шара барысында Даниил Чупрининге «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Рахметоллаұлы Егізбаевтың атынан алғыс хат пен партияның символикасы бейнеленген қол сағаты табысталды.

Өз сөзінде фотограф байқауға қатысуы күтпеген жетістікке айналғанын айтты:
Алғашында мектеп директоры ауыл тақырыбында фотосуреттер қажет екенін айтып, осы жанрда жаңа кадрлар жинауды тапсырды. Кейін байқаудың ашық форматта өтіп жатқанын білдім. Өзім ауыл тұрғыны болғандықтан, бұл тақырып маған өте жақын. Күнделікті ауыл өмірін — жайлау, велосипед тебу, кешкі серуен, ауыл ауласындағы сәттерді түсіріп, байқауға жолдадым. Өнерімді жоғары бағалап, осындай құрмет көрсеткен «Ауыл» партиясына шын жүректен алғыс білдіремін,
— деді ол.
Даниил Чупринин қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Корнеевка ауылындағы мектеп-гимназияда «Санкт Лоренц» қосымша білім беру орталығының фото және видео түсіру үйірмесінде төрт жылдан бері жетекшілік етеді, шәкірттерінің саны оннан асады.
Шара барысында қонақтарға партия филиалының өңірде атқарып жатқан жұмыстары таныстырылып, фотокорреспонденция тақырыбында ашық форматтағы сұхбат өтті.
Айта кетейік, «Ауыл нақыштары» республикалық фотобайқауы 2024 жылғы 29 қарашада басталып, 2025 жылғы 15 қазанда өз мәресіне жетті. Байқауға елдің 20 өңірінен 678 кәсіби және әуесқой фотограф қатысып, 4 номинация бойынша 3366 фототуынды қабылданды.


