Защита материнства и детства, расширение прав и возможностей женщин – важные приоритеты государственной политики Казахстана. В Акмолинской области реализуется целый ряд инициатив, направленных на поддержку семьи, воспитание ответственного отцовства, гендерное равенство и принцип роли женщин в общественной жизни.
Важность этих вопросов доказывается цифрами. Из 3900 новобрачных в прошлом году, почти каждая пятая семья приняла решение о разводе. Основной причиной расторжения брака называют несовместимость. Неутешительная статистика может стать неприятной нормой, потому семейная и гендерная политика требует особого внимания.
С недавних пор каждое второе воскресенье сентября ознаменовано для казахстанцев Днем семьи. Светлой традицией праздника стал Национальный конкурс «Мерейлі отбасы». В прошлом году в Акмолинской области заявки подали 93 семьи. Отметим, пристоличный регион достиг значительных успехов в вопросах продвижения интересов женщин, семьи и гендерного равенства. Только за прошлый год в области провели более 40 мероприятий с участием около трех тысяч акмолинцев.
На этот год запланировано проведение не менее 14 ресурсных мероприятий для многодетных семей, в том числе патронатных, а также семей, оказавшихся в трудной жизненной ситуации, патроната более 10 многодетных семей с трудной жизненной ситуацией, проведение индивидуальных бесед с родителями, оказание психологической и благотворительной помощи. Мы хотим привлечь тысячу акмолинских подростков к конкурсу социальных роликов «Счастливая семья»
— рассказал заместитель акима Акмолинской области Досулан Айтбаев.
Воспитание ответственного отцовства важный шаг на пути к формированию равных прав и возможностей для женщин и мужчин. Сегодня в области работают 54 совета отцов численностью 910 человек. Насчитывается 60 клубов. В четырех регионах провели шесть круглых столов и пять бесед на тему «Әке-Асқар тау».
В рамках этих мероприятий поднимаются важные вопросы: принятие ответственности перед семьей, сознательное отцовство, планирование семьи, увеличение возраста мужчин, не планирующих семью
— уточнил чиновник.Не менее востребованы и Советы матерей, которых более сотни в разных уголках области.
Женщины уже давно стали неотъемлемой частью развития региона. В местных исполнительных органах сегодня трудятся 1901 женщина. Из 254 депутатов маслихатов всех уровней 73 – представительницы прекрасного пола.
Из четырех заместителей акимов области одна женщина. Из 20 акимов районов также есть одна женщина. Из 20 руководителей областного управления пять женщин, из 33 замов 11 акмолинок Из 50 заместителей акимов районов и городов девять женщин, из 236 акимов сельских и поселковых округов 42 женщины. В судебных органах власти численность женщин составляет 248, из них судьи – 50. Доля женщин в правоохранительных органах составляет более 13%
— поделился Досулан Айтбаев.
Кроме того, в скором времени в регионе начнет свою работу «школа женского политического лидерства».
Это будут обучающие тренинги, отражающие возможности женщин со сформированным успешным лидерским потенциалом, с внедрением их наставничества, истории из жизни реальных женщин, ведущих дела в различных сферах: бизнесе, политике, воспитании детей, семинары, направленные на увеличение доли женщин
— объяснил Досулан Айтбаев.
В планах также есть специальные курсы для молодожен по финансовой грамотности.
Мы хотим провести социальный эксперимент и анализ «что помогает распадающейся семье?», «Написать обращение к взрослым» среди студентов и школьников. Для этого в обязательном порядке будут задействованы семейный психолог, юрист-практик. Семьям окажут консультационную помощь по семейным отношениям
— проинформировал спикер.
Большую роль в улучшении качества жизни семей играют службы поддержки. К примеру, в Кокшетау открыли Центр семейного воспитания и досуга «Ақ босаға», где горожане могут интересно и творчески провести свой досуг. В центре есть зал аэробики, секция настольного тенниса, кружки по шахматам, тоғыз құмалақ, работают советы матерей и отцов, кабинеты психолога, медиатора.
Наше сообщество в Вконтакте. Подпишись, чтобы быть в курсе новостей!
Қазақстанда ана мен баланы қорғау, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту – мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі.
Ақмола облысында отбасыны қолдау, бала тәрбиесінде әкенің рөлін арттыру, гендерлік теңдік және әйелдердің қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған бірқатар бастамалар жүзеге асырылуда.
Бұл мәселелердің маңыздылығы нақты сандармен дәлелденеді. Өткен жылы 3900 жас жұбайдың әр бесіншісі ажырасуы туралы шешім қабылдаған. Негізгі себеп – мінездерінің сәйкеспеуі. Бұл көңіл көншітпейтін статистика қалыпты жағдайға айналып кетпеуі үшін отбасы және гендерлік саясатқа ерекше назар аудару қажет.
Қазақстанда қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні ретінде белгіленді. Бұл мерекенің жарқын дәстүрлерінің бірі – «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы. Өткен жылы Ақмола облысынан 93 отбасы байқауға өтініш берген. Жалпы, бұл өңір әйелдер, отбасы және гендерлік теңдік мәселелерін ілгерілетуде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Тек өткен жылы облыста үш мыңға жуық тұрғынды қамтыған 40-тан астам іс-шара ұйымдастырылды.
Биыл көпбалалы, патронаттық және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар үшін кемінде 14 ресурстық іс-шара өткізу жоспарланған. Сонымен қатар 10-нан астам қиын жағдайдағы көпбалалы отбасыларға патронаттық көмек көрсетіледі, ата-аналармен жеке кездесулер ұйымдастырылады, психологиялық және қайырымдылық көмектер беріледі. Біз Ақмола өңірінің бір мың жасөспірімін «Бақытты отбасы» атты әлеуметтік роликтер байқауына қатыстыруды көздеп отырмыз
– деп атап өтті Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев.
Бүгінде облыста 910 мүшесі бар 54 әкелер кеңесі жұмыс істейді, 60-қа жуық клуб бар. Төрт аймақта алты дөңгелек үстел мен бес кездесу өткізіліп, онда «Әке – асқар тау» тақырыбы көтерілді.
Бұл іс-шаралар аясында отбасы алдындағы жауапкершілікті сезіну, саналы әке болу, отбасын жоспарлау, сондай-ақ отбасын құруды кейінге қалдыратын ерлер жасын ұлғайту мәселелері талқыланады
– деді Досұлан Айтбаев.
Сонымен қатар, өңірде жүзден астам Аналар кеңесі жұмыс істейді.
Әйелдер аймақ дамуының ажырамас бөлігіне айналған. Бүгінде жергілікті атқарушы органдарда 1901 әйел еңбек етеді. Барлық деңгейдегі мәслихаттардағы 254 депутат болса, оның 73-і – әйел.
Облыс әкімінің төрт орынбасарының біреуі – әйел. Сонымен бірге 20 аудан әкімінің біреуі әйел. Облыстық басқарма басшыларының 20-сының бесеуі, олардың 33 орынбасарының 11-і – әйел. 50 аудандық және қалалық әкім орынбасарларының тоғызын, 236 ауылдық және кенттік округ әкімдерінің 42-сін әйелдер құрайды. Сот органдарында 248 әйел қызмет атқарады, олардың 50-і – судья. Құқық қорғау органдарындағы әйелдер үлесі 13%-дан асады
– деп толықтырды Досұлан Айтбаев.
Жақын арада өңірде «әйелдердің саяси көшбасшылық мектебі» өз жұмысын бастайды.
Бұл – көшбасшылық әлеуеті қалыптасқан әйелдерге мүмкіндік беретін оқыту тренингтері. Бағдарламаға олардың тәлімгерлігі, бизнесте, саясатта және бала тәрбиесінде табысқа жеткен нақты әйелдердің өмірлік тәжірибелері кіреді. Сондай-ақ әйелдер үлесін арттыруға бағытталған семинарлар ұйымдастырылады
– деді Досұлан Айтбаев.
Жас жұбайларға қаржылық сауаттылық курстарын өткізу жоспарланған.
Біз «отбасының сақталуына не ықпал етеді?» тақырыбында әлеуметтік эксперимент және талдау жүргізуді, студенттер мен мектеп оқушылары арасында «Ересектерге үндеу» жазу байқауын өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыстарға отбасылық психологтар мен тәжірибелі заңгерлер міндетті түрде тартылады. Отбасыларға қарым-қатынас бойынша кеңес беріледі
– деп атап өтті спикер.
Отбасылардың өмір сүру сапасын арттыруда қолдау қызметтері маңызды рөл атқарады. Мысалы, Көкшетауда «Ақ босаға» отбасылық тәрбие және демалыс орталығы ашылды. Бұл жерде тұрғындар өз уақыттарын қызықты әрі шығармашылықпен өткізе алады. Орталықта аэробика залы, үстел теннисі, шахмат және тоғызқұмалақ үйірмелері, әкелер мен аналар кеңестері, психолог пен медиатор кабинеттері бар.