2023жылғы 15 қазан күні Қарағанды қаласындағы Ұлттық ұланның 5451 әскери бөлімінде «Қазақтың қайсар қызы» Мәншүк Мәметоваға арналған тақырыптық кеш өткізілді. Шараға бөлімнің сарбаздар жеке құрамы қатысты.
Шара барысында қазақтың батыр қызы жайлы көптеген ақпаратты бейнематериалдар көрсетілді. Хабар телеарнасы ұсынған «Мәншүк» телесериалының трейлері ойнатылып, шара соңында өзара пікір алмасумен жалғасты.
Біз, «Батыр» деген сөз тіркесін естігенде, иығы қақпақтай, көзі қырандай өткір, күші мен қуаты тасыған ер-азаматтың бейнесін көз алдымызға елестетеміз.
Бірақ сұрапыл Ұлы Отан соғысында ер-азаматтар мен біріге жауды жайрап салған батыр қыздарымыз да даламызға әйгілі болды. Оның айқын дәлелі нәп-нәзік пулеметші Мәншүк Маметова ерлігі.
«Максим» пулеметімен қаншама фашистердің көзін жойған қазақтың қызы-Мәншүк, тек қазақ даласында ғана емес, Кеңес Одағының батыры атағын алған алғашқы қазақ қызы еді.
Мәншүк Мәметованың есімі адамзат тарихында қанмен жазып кеткен. Оның өмірі мен ерлігі турасында талай тағылымды естеліктер жазылды, жазыла да бермек. Миллиондаған адамдардың бейбіт тірлігі жолында өз өмірін құрбан еткен гүліміздің есімі, өсіп келе жатқан ұрпаққа аманат.
Шығыс қыздарының арасынан бірінші болып батыр атағын алған әйгілі пулеметші бүгінде қазақ халқының ғана емес, бүкіл Азия жұртының мақтанышы. Даңқты пулеметші, қазақтың батыр қызының есімі халық жүрегінде мәңгілік қала бермек
— дейді ұйымдастырушы қатардағы Амина Мағауина.
Атап өтсек, аталмыш шара келешек ұрпақты патриоттық сезімде тәрбиелеу, ел қорғау жолындағы сарбаздарға тағзым ететін есімдердің есімін қайта жаңғырту, ұмытпау, халқының болашағы үшін жанын пида еткердің есімін мәңгілікке мирас қылу мақсатында ұйымдастырылды.