29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Понедельник, 9 декабря

Прошло открытие турнира по боксу памяти Героя Национальной гвардии

В Жанааркинском районном центре состоялось открытие открытого турнира по боксу среди юношей в Улытауской области, посвященного памяти Героя Национальной гвардии Республики Казахстан рядового Айбата Аманова. Помимо области, в данном спортивном соревновании принимают участие несколько команд из разных регионов страны.

Айбат до армии любил спорт. Он тренировался дома, создавая самодельные спортивные инвентари. Вместе с сельскими ребятами занимались боксом. У него даже было прозвище «Акула». Спасибо военнослужащим Национальной гвардии, которые пришли на этот турнир, не забывая о сыне. Так же хочу поблагодарить организаторов сегодняшнего мероприятия

— говорит отец батыра Ербол Аманович.

По словам матери Гульназ Алкеновны, Айбат провожал домашних в столовую, а сам снимал на камеру физическую подготовку в гостиной.

В такие моменты мы не могли войти в комнату. Перед видеокамерой, после съемки он, потянув за руку, гордился тем, что у него напряженная мускулатура «вот мама, смотри, потрогай»

— вспоминала она.

Напомним, Айбат Аманов проходил срочную службу в воинской части 5514 Национальной гвардии г. Талдыкорган. Солдат героически погиб во время трагических январских событии 2022 года. Указом Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева Аманов Айбат Ерболович посмертно был награжден орденом «Айбын» III степени.
____________________________________________________
Жаңаарқа ауданының орталығында бокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қаһарманы қатардағы жауынгер Айбат Амановты еске алуға арналған Ұлытау облысының ашық турнирінің ашылу салтанаты өтті. Аталмыш спорттық шараға облыстан бөлек, еліміздің әр өңірінен бірнеше команда қатысуда.

Айбат әскерге дейін спортты жақсы көретін. Қолдан спорттық құрылғыларды жасап үйде жаттығатын. Ауыл балаларымен бірге бокспен шұғылданатын. «Акула» деген лақап аты да болатын. Ұлымды ұмытпай, осы турнирге келген Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне рахмет. Бүгінгі шараны ұйымдастырушыларға айтар алғысым шексіз

— дейді батырдың әкесі Ербол Аманұлы.

Анасы Гүлнәз Әлкенқызының айтуынша, Айбат үйдегілерді ас бөлмеге кіргізіп, өзі қонақ залында дене шынығуын түсіретін.

Ол кезде кіре алмайсың. Видеокамера алдында, кейін түсіріп болған соң, қолын тартып бұлшық етінің қатты екенімен мақтанатын «Міне анашым, ұстап көріңізші»

— деп еске түсірді.

Еске салып өту керек, Айбат Аманов Талдықорған қаласындағы Ұлттық ұланның 5514 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеді. Қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде ерлікпен қаза тапты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарылығымен Айбат Ерболұлы Аманов ІІІ -ші дәрежерлі «Айбын» орденімен қаза тапқаннан кейін марапатталды.