Ақмола облысында «Түнгі қаладағы балалар» жалпыреспубликалық ЖПІШ қорытындысы шығарылды.
Балалар құқығын бұзу фактілерін анықтау, балалар еңбегін пайдалану, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, көңіл көтеру орындарында және тұрғын үйден тыс жерлерде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында облыс аумағында 27-29 маусым аралығында «Түнгі қаладағы балалар» республикалық алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Жедел алдын алу іс-шарасын өткізуге мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Үш күн ішінде облыста 323 саяжайлар мен саяжай шаруашылықтары, 407 фермерлік және шаруа қожалықтары, 550 жертөле және шатыр үй-жайлары, 213 автожуу және автожанармай құю станциялары, 41 теміржол және автобус вокзалдары, 297 көңіл көтеру орындары, 50 компьютер салондары және өзге де орындар тексерілді. 243 құқық бұзушылық анықталды. Мәселен, балалардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін кәмелетке толмағандардың 187 заңды өкілі жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, 10 жасөспірім алкогольдік ішімдік ішкені үшін ІІО-ға жеткізілді.
Атап айтқанда, 28 маусымға қараған түні Астрахан ауданының Новый Колутон ауылында рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде учаскелік полиция инспекторлары кәмелетке толмаған бала мас күйінде басқарған «Газ-53» маркалы көлікті тоқтатты. Тексеру барысында жасөспірім Бұланды ауданының тұрғыны екені анықталды, кешкі уақытта ағасымен бірге көлге келіп, кейін дала жолымен үйіне қайтып келе жатып, Новый Колутон ауылына жанармай құю үшін бұрылған, сол жерде полиция қызметкерлерімен тоқтатылды. Медициналық куәландырудан өткеннен кейін кәмелетке толмаған баланың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 2-бөлігіне және ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданды.
Сонымен қатар, 5 кәсіпкер кәмелетке толмағандардың сағат 22.00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушыларға ойын-сауық мекемелерінде балалардың қатысуымен болуы мүмкін конфликтердің, қылмыстық, кейде жазатайым оқиғалардың салдары мен сценарийлері түсіндірілді.
Айта кету керек, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ жасөспірімдер қылмысының алдын алуға бағытталған алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру жыл бойы жалғасуда.
Наш блог в Twitter! Будь в курсе новостей!
В Акмолинской области подведены итоги общереспубликанской акции «Дети в ночном городе».
В целях выявления фактов нарушений прав детей, эксплуатации детского труда, предупреждения детской безнадзорности и беспризорности, выявления несовершеннолетних в развлекательных заведениях и вне жилища в вечернее и ночное время суток, на территории области в период с 27 по 29 июня проведено республиканское профилактическое мероприятие «Дети в ночном городе».
В проведении ОПМ приняли участие представители государственных органов, неправительственных организаций, общественности и средств массовой информации.
За три дня мероприятия в области проверено 323 дач и дачных хозяйств, 407 фермерских и крестьянских хозяйств, 550 подвальных и чердачных помещений, 213 автомоек и автозаправок, 41 железнодорожных и автобусных вокзала, 297 увеселительных заведений, 50 компьютерных салонов и иных мест. Выявлено 243 правонарушений. Так, к ответственности привлечено 187 законных представителя несовершеннолетних, за нахождение детей вне жилища в ночное время. Кроме того, 10 подростков доставлено в ОВД, за распитие алкогольных напитков.
В частности, в ночь на 28 июня, при проведении рейдовых мероприятий в с.Новый Колутон Астраханского района участковыми инспекторами полиции остановлено транспортное средство марки «Газ-53», которым управлял несовершеннолетний, в состоянии алкогольного опьянения. В ходе проверки установлено, что подросток является жителем Буландинского района, накануне в вечернее время совместно с братом выехал на озеро, позже, возвращаясь домой по полевой дороге направился в с.Новый Колутон для заправки топливом, где и был остановлен полицейскими. После проведения медицинского освидетельствования, к родителям несовершеннолетнего приняты меры административного характера, в соответствии с ч. 2 ст. 440 КоАП РК и ч.2 ст.442 КоАП РК.
Кроме того, 5 предпринимателей привлечено к административной ответственности за допущение нахождения несовершеннолетних в развлекательных заведениях после 22.00 часов. Правонарушителям разъяснялись последствия и сценарии возникновения возможных конфликтных, преступных, а иногда и несчастных случаев с участием детей в развлекательных заведениях.
Стоит отметить, что организация профилактической работы, направленной на защиту прав несовершеннолетних, а также на профилактику подростковой преступности продолжается в течение всего года.