Национальный Банк Казахстана выпустил в обращение банкноты номиналом 500 тенге нового дизайна.
Это пятая банкнота из серии «Сакский стиль». Она основана на элементах «Сакского стиля», который считается прародителем традиционного казахского орнамента и отражает наследие страны – от уникальной культуры номадов до современного Казахстана.
При этом в массовое обращение данные банкноты поступят во втором квартале 2026 года, поскольку для доставки во все регионы страны и адаптации оборудования (банкоматы, терминалы и др. кассовая техника) требуется дополнительное время
О дизайне и форме денежного знака
Цвет банкнот – синий.
На лицевой стороне изображены:
— ветвь «Древо жизни» с парящей птицей (Курган Иссык, 5-4 вв. до н.э., деталь головного убора Золотого человека, сакральный смысл связи природы и верования);
— спираль ДНК и стилизованный под орнамент символ бесконечности, обозначающие связь человека с природой;
— артефакт – фрагмент псалии в виде головы Архара (Берельские курганы «Долина Царей», 8-7 вв. до н.э., ВКО).
На оборотной стороне изображены:
— Архар, обитающий в Казахстане, на фоне стилизованного орнаментом щита;
— за основным изображением расположен круговой казахский орнамент, вобравший сразу несколько идей:
- «Щит» – символизирует защиту ценностей,
- древний символ – четыре стороны света,
- солярный знак, в центре как символ созидательной энергии, символ жизни;
— в центре банкноты как фон располагается контур казахского орнамента «бесконечность» внутри которого размещен ландшафтный вид горы «Мұзтау».
О порядке замены и установлении периода
параллельного обращения банкнот
Новые банкноты номиналом 500 тенге поступили в обращение с 25 декабря 2025 года ив течение 24 месяцев будут заменять находящиеся в обращении банкноты национальной валюты номиналом 500 тенге образца 2017 года (далее – банкнота старого образца).
То есть, все банкноты старого образца будут в течение 2 лет постепенно изыматься из обращения. Соответственно, в этот период населению не нужно обменивать банкноты старого образца на новые банкноты в банках второго уровня (далее – БВУ)или филиалах Национального Банка Казахстана.
Срок параллельного обращения банкнот старого и нового образцов действуетс 25 декабря 2025 года по 24 декабря 2027 года (включительно).
После завершения периодапараллельного обращения, то есть с 25 декабря 2027 года, все банки и Казпочта будут обменивать банкноты старого образца на банкноты нового образца в течение 3 лет, то есть по 24 декабря 2030 года. Отдельно следует отметить, что филиалы Национального Банка Казахстана будут принимать банкноты старого образца бессрочно.
Банкноты нового образца (2025 года) и банкноты старого образца (2017 года) в период их параллельного обращения являются законным платежным средством, обязательны к приему по их нарицательной стоимости на всей территории Республики Казахстан для осуществления всех видов платежей и переводов, зачисления на банковские счета.
Они без ограничения размениваются и обмениваются во всех филиалах Национального Банка Казахстана, Казпочте, БВУ страны и филиалах банков- нерезидентов Казахстана.
Напоминаем, что отказ в приеме банкнот и монет, являющихся законным платежным средством, является административным правонарушением в соответствии с Кодексом Республики Казахстаноб административных правонарушениях.
Для консультации по возникшим вопросам можно обратиться в Акмолинский филиал Национального Банка Казахстана по телефонам: 8-7162-55-18-09, 55-18-00 (вн. 2232, 2234).

Қазақстан Ұлттық Банкі жаңа дизайндағы номиналы 500 теңгелік банкноттарды айналысқа шығарды.
Бұл «Сақ стилі» сериясымен шыққан бесінші банкнота. Ол көшпенділер мәдениетінен бүгінгі Қазақстанның бірегей мұрасын қамтып, дәстүрлі қазақы ою-өрнектің түп тамыры саналатын «Сақ стилі» элементтеріне негізделген.
Жаппай қолданысқа жаңа банкнота 2026 жылдың екінші тоқсанында шыға бастайды. Себебі ақшаны еліміздің барлық өңіріне жеткізу үшін және банкоматтар, терминалдар және басқа кассалық техника тәрізді жабдықтарды бейімдеу үшін қосымша уақыт қажет.
Ақша белгісінің дизайны мен пішіні туралы
Банкноттардың түсі – көк.
Бет жағында:
— көкте қалықтаған құспен «Бәйтеректің» бұтағы (Есік қорғаны, б. з. д. 5-4 ғғ., Алтын адам бас киімінің әшекейі, табиғат пен наным байланысының қасиетті мағынасы);
— ДНҚ спиралін және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен безендірілген шексіздік символы;
— артефакт – Арқардың басы түріндегі әшекейдің фрагменті (Берел қорғаны, б.з.д. 8-7 ғғ., ШҚО).
Банкноттың артқы жағында:
— ою-өрнекпен көмкерілген қалқан аясында бейнеленіп тұрған Қазақстанда мекендейтін Арқар;
— негізгі бейненің артында бірнеше мағына беретін қазақы ою-өрнек орналасқан:
- «Қалқан» – құндылықтар қорғанын білдіреді,
- ежелгі символ – дүниенің төрт құбыласы,
- ортасында жасампаз энергияның нышаны ретінде күн белгісі бейнеленген;
— банкноттың ортасында қазақи «шексіздік» ою-өрнегінің контуры салынып, оның ішінде «Мұзтау» тауының ландшафтық көрінісі бейнеленген.
Банкноттарды айырбастау және айналыста қатар жүру
кезеңін белгілеу тәртібі туралы
Номиналы 500 теңгелік жаңа банкноттар 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап айналысқа енгізілді және айналыста жүрген 2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік ұлттық валюта банкноттарымен (бұдан әрі – ескі үлгідегі банкнот) екі жыл бойы ауыстырылады.
Яғни, ескі үлгідегі барлық банкнот екі жыл ішінде айналыстан біртіндеп алынады. Тиісінше, осы кезеңде халықтың екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі – ЕДБ) немесе Қазақстан Ұлттық Банкі филиалдарына барып, ескі үлгідегі банкноттарды жаңа банкноттарға айырбастауы қажет емес.
Жаңа және ескі үлгідегі банкноттардың айналыста қатар жүру кезеңі 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2027 жылғы 24 желтоқсанға дейінгі аралықты қамтиды.
Бұл кезең аяқталған соң, яғни 2027 жылғы 25 желтоқсаннан бастап, барлық банк пен Қазпоштада ескі үлгідегі банкноттарды 3 жыл ішінде, яғни 2030 жылғы 24 желтоқсанға дейін жаңа үлгідегі банкноттарға айырбастауға мүмкіндік бар. Ал Қазақстан Ұлттық Банкі филиалдарында оларды мерзімсіз айырбастауға болады.
Жаңа үлгідегі (2025 жылғы) және ескі үлгідегі (2017 жылғы) банкноттар айналыста қатар жүретін кезеңде заңды төлем құралы болып саналады. Төлемдер мен аударымдардың барлық түрін жүзеге асыру үшін, банк шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында оларды құнына қарай қабылдаунуы міндетті екенін атап өтеміз.
Жаңа банкноттар еліміздегі Қазақстан Ұлттық Банкінің барлық филиалында, Қазпоштада, екінші деңгейдегі банктерде және Қазақстандағы бейрезидент банктердің филиалдарында шектеусіз айырбасталады және ауыстырылады.
Заңды төлем құралына жататын банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық болып саналатынын еске саламыз.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақмола филиалына 8-7162-55-18-09, 55-18-00 (ішкі 2232, 2234) телефон номерлері арқылы хабарласуыңызға болады.

