Национальный Банк Казахстана выпустил в обращение банкноты номиналом 1 000 тенге нового дизайна.
Это четвертая банкнота из серии «Сакский стиль». Она основана на элементах «Сакского стиля», который считается прародителем традиционного казахского орнамента и отражает наследие страны – от уникальной культуры номадов до современного Казахстана.
При этом в массовое обращение данные банкноты поступят во втором полугодии 2025 года, поскольку для доставки во все регионы страны и адаптации оборудования (банкоматы, терминалы и др. кассовая техника) требуется дополнительное время.
О дизайне и форме денежного знака
Цвет банкнот – коричнево-бежевый.
На лицевой стороне изображены:
- ветвь «Древо жизни» с парящей птицей (Курган Иссык, 5-4 вв. до н. э., деталь головного убора Золотого человека, сакральный смысл связи природы и верования);
- спираль ДНК и стилизованный под орнамент символ бесконечности, обозначающие связь человека с природой;
- артефакт – подпружный элемент в виде свернувшегося хищника как символ силы духа и выносливости (Курган Бесоба, 6-4 вв. до н. э., Приуралье, Западный Казахстан).
На оборотной стороне изображены:
- Собаки породы Тобет и Тазы на фоне стилизованного орнаментом щита;
- круговой казахский орнамент, олицетворяющий «щит» — символ защиты ценностей, древний символ — четыре стороны света, солярный знак в центре как символ созидательной энергии и жизни.
Также на оборотной стороне банкноты изображен артефакт – подпружная бляха в виде свернувшегося хищника как символ единения с природой и гармонии (Курган Кырык-оба, 7-6 вв. до н. э., Западный Казахстан). В центре банкноты как фон располагается изображение степных холмов Казахстана, вписанное в стилизованный под орнамент символ бесконечности.
О порядке замены и установлении периода параллельного обращения банкнот
Новые банкноты номиналом 1 000 тенге поступят в обращение и в течение 24 месяцев будут заменять находящиеся в обращении банкноты национальной валюты номиналом 1 000 тенге образца 2014 года (далее – банкнота старого образца).
То есть, все банкноты старого образца будут в течение 2-х лет постепенно изыматься из обращения. Соответственно, населению в этот период параллельного обращения нет необходимости самостоятельно обменивать банкноты старого образца на новые банкноты в банках второго уровня (далее – БВУ) или филиалах Национального Банка Казахстана.
Срок параллельного обращения банкнот старого и нового образцов будет действовать с 28 марта 2025 года по 27 марта 2027 года.
После завершения периода параллельного обращения, то есть с 28 марта 2027 года, все банки второго уровня и АО «Казпочта» будут обменивать банкноты старого образца на банкноты нового образца в течение 3 лет, то есть по 27 марта 2030 года. При этом следует отметить, что филиалы НБК будут принимать банкноты старого образца бессрочно.
Банкноты нового образца и банкноты старого образца в период их параллельного обращения являются законным платежным средством, обязательны к приему по их нарицательной стоимости на всей территории Республики Казахстан для осуществления всех видов платежей и переводов, зачисления на банковские счета.
Они без ограничения размениваются и обмениваются во всех филиалах Национального Банка Казахстана, Казпочте, БВУ страны и филиалах банков – нерезидентов Казахстана.
Напоминаем, что отказ в приеме банкнот и монет, являющихся законным платежным средством, является административным правонарушением в соответствии с Кодексом Республики Казахстан об административных правонарушениях.
Для консультации по возникшим вопросам можно обратиться в Акмолинский филиал Национального Банка Казахстана по телефонам: 8-7162-55-18-09, 55-18-00 (вн. 2232, 2234).
—
«Сақ стилі» жаңа сериясынан номиналы 1 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығару туралы
Қазақстан Ұлттық Банкі жаңа дизайндағы номиналы 1 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды.
Бұл «Сақ стилі» сериясымен шыққан төртінші жаңа банкнота. Ол қазақы оюөрнектің түп негізі саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін «Сақ стилі» элементтеріне негізделген.
Дегенмен, банкноталар жаппай қолданысқа 2025 жылдың екінші жартысында беріле бастайды. Себебі оларды еліміздің барлық аймағына жеткізу үшін және жабдықтарды (банкоматтар, терминалдар және басқа да кассалық техникалар) бейімдеу үшін қосымша уақыт қажет.
Ақша белгісінің дизайны мен формасы туралы
Банкноталардың түсі – қоңыр және ашық қоңыр.
Банкнотаның бет жағында:
- көкте қалықтап ұшқан құспен «Өмір ағашының» бұтағы (Есік қорғаны, б. з. д. 5-4 ғғ., Алтын адам бас киімінің бір бөлігі, табиғат пен наным байланысының қасиетті мағынасы);
- ДНҚ спиралін және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен стильдендірілген шексіздік символы;
- артефакт – төс айыл (тартпа) элементі бұралған жыртқыш формасымен беріктік пен төзімділіктің символы ретінде (Бесоба қорғаны, б. з. д. 6-4 ғғ., Орал өңірі, Батыс Қазақстан).
Банкнотаның артқы жағында:
- ою-өрнекпен стильденген қалқан фонында Төбет пен Тазы тұқымдас иттер;
- дөңгелек қазақ халқының ою-өрнегі, «қалқан» бейнесі – құндылықтарды қорғау нышаны, ежелгі символ – төрт тарап, ортасындағы күн белгісі – жасампаздық энергиясы мен өмір нышаны.
Сондай-ақ, банкнотаның сырт жағында артефакт, төс айыл (тартпа) элементі бұралған жыртқыш формасымен беріктік пен төзімділіктің символын (Қырық-Оба қорғаны, б. з. д. 7-6 ғғ., Батыс Қазақстан) көрсетеді. Банкнотаның ортасында фон ретінде ою-өрнек стилінде бейнеленген шексіздік символына тән Қазақстанның дала жоталары берілген.
Банкноталарды айырбастау және айналымда қатар жүру кезеңін белгілеу тәртібі туралы
Номиналы 1 000 теңгелік жаңа банкноталар айналымға енеді және айналымда жүрген 2014 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік ұлттық валюта банкноталарымен (бұдан әрі – ескі үлгідегі банкнота) екі жыл бойы ауыстырылады.
Яғни, ескі үлгідегі барлық банкнота екі жыл ішінде айналымнан біртіндеп алынады. Тиісінше, банкноталар айналымда қатар жүрген уақытта халыққа ескі үлгідегі банкноталарды екінші деңгейлі банктердегі немесе Қазақстан Ұлттық Банкі филиалдарындағы жаңа банкноталарға айырбастаудың қажеті жоқ.
Жаңа және ескі үлгідегі банкноталардың айналымда қатар жүру кезеңі 2025 жылдың 28 наурызынан 2027 жылдың 27 наурызына дейінгі аралықты қамтиды.
Ол кезең аяқталған соң, яғни 2027 жылғы 28 наурыздан бастап барлық банк пен Қазпоштада ескі үлгідегі банкноталарды 3 жыл ішінде, яғни 2030 жылғы 27 наурызға дейін жаңа үлгідегі банкноталарға айырбастауға мүмкіндік бар. Ал Қазақстан Ұлттық Банкі филиалдарында оларды мерзімсіз айырбастауға болады.
Жаңа және ескі үлгідегі банкноталар айналымда қатар жүретін кезеңде заңды төлем құралы болып саналады. Төлемдер мен аударымдардың барлық түрін жүзеге асыру үшін, банк шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында оларды атаулы құнына қарай қабылдауға міндетті екенін атап өтеміз.
Олар еліміздегі Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазпошта және екінші деңгейлі банктердің барлық филиалында, сондай-ақ Қазақстандағы бейрезидент банктердің филиалдарында шектеусіз айырбасталады және ауыстырылады.
Заңды төлем құралына жататын банкноталар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық болып саналатынын еске саламыз.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақмола филиалына 8-7162-55-18-09, 55-18-00 (ішкі 2232, 2234) телефон номерлері арқылы хабарласуыңызға болады.