Электр энергиясы тапшылығын төмендету үшін биыл шамамен 2,4 ГВт дәстүрлі энергетикалық қуат көздерін пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров баяндады.
Оның айтуынша, бұл тізімге Алматыдағы қуаты 557 МВт болатын ЖЭО-2 мен 544 МВт болатын ЖЭО-3-ті жаңғырту жобалары, қуаты 1000 МВт болатын Түркістан облысындағы бу-газ қондырғысының құрылысы, сондай-ақ №11 турбоагрегатты іске қосу және Атырау ЖЭО-да №15 қазандықты орнату кіреді. Бүгінгі күні қуаты 240 МВт болатын Қызылорда облысындағы бу-газ қондырғысы, сондай-ақ қуаты 17 МВт болатын Текелі энергия кешеніндегі генераторы бар үш кәдеге жарату қазандығы мен бу турбинасы пайдалануға берілді.
«Өткен 9 айда ЖЭК нысандары 7,8 млрд кВт/сағат электр энергиясын өндірді. Биылға жоспар – 8,8 млрд кВт/сағат. 2026 жылы жиынтық қуаты 245,8 МВт болатын 10 ЖЭК нысанын пайдалануға беру жоспарлануда. Бүгінде жалпы қуаты 212,6 МВт болатын 7 ЖЭК нысаны іске қосылды. Жыл соңына дейін қуаттылығы 30 МВт болатын 2 СЭС нысанын, сондай-ақ қуаттылығы 3,2 МВт болатын 1 СЭС нысанын іске қосу жоспарлануда»,
— деп атап өтті вице-министр.
➖
Производство электроэнергии в Казахстане выросло до 91,7 млрд кВт/ч за девять месяцев
Для снижения дефицита электроэнергии в текущем году планируется ввести в эксплуатацию порядка 2,4 ГВт традиционных энергетических мощностей. Об этом на заседании Правительства доложил вице-министр энергетики Ерлан Акбаров.
По его словам, в этот перечень входят проекты модернизации Алматинских ТЭЦ-2 и ТЭЦ-3 мощностью 557 и 544 МВт соответственно, строительство парогазовой установки в Туркестанской области мощностью 1000 МВт, а также ввод турбоагрегата №11 и установка котла №15 на Атырауской ТЭЦ. На сегодняшний день уже введены в эксплуатацию парогазовая установка в Кызылординской области мощностью 240 МВт, а также три котла-утилизатора и паровая турбина с генератором на Текелийском энергокомплексе мощностью 17 МВт.
«За 9 месяцев выработка электроэнергии от объектов ВИЭ составила 7,8 млрд кВт/ч. План 2026 года составляет 8,8 млрд кВт/ч. В 2026 году планируется ввести 10 объектов ВИЭ суммарной установленной мощностью 245,8 МВт. В текущем году уже введено 7 объектов ВИЭ суммарной мощностью 212,6 МВт. До конца года планируется ввод 2 объектов СЭС мощностью 30 МВт, а также 1 объекта ГЭС мощностью 3,2 МВт»,
— отметил вице-министр.
📱 @KZgovernment

