29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Мемлекет басшысы логистика жүйесіне Smart Cargo цифрлық платформасы енгізілгенін атап өтті

✔️Біртұтас байланыс қағидатына сай қызмет ететін бағдарлама арқылы негізгі көлік дәліздері цифрландырылады.

– Қазақстанның мұнай-газ саласын цифрлық тұрғыдан трансформациялау айтарлықтай алға жылжыды. Көміртегін өндіру мен өңдеу нысандарының цифрлық көшірмесін құруға айрықша назар аударылып отыр. Сонымен қатар шикізат өндіруден бастап сатуға дейінгі барлық жеткізу тізбегін қамтитын мұнай мен мұнай өнімдерін кешенді бақылау жүйесі енгізілуде. Жабдықтардың істен шығуын болжау, өндірістік үдерістердің сенімділігін арттыру және кәсіпорындардың жұмысын оңтайландыру үшін жасанды интеллект негізіндегі шешімдер қолданылады. Сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығы жасанды интеллект саласындағы инновациялық шешімдерді сынақтан өткізуге арналған сенімді алаң қызметін атқарады. Орталық FinTech Lab реттеу алаңдары арқылы ағылшын құқығының артықшылықтарын және әлемдегі ең үздік деректерді қорғау жүйелерінің бірін ұсынады. Түптеп келгенде, АХҚО ашық бизнес ережелерін, сенімді құқықтық қорғауды және деректер қауіпсіздігін сақтаудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етеді, – деді Президент.