29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Четверг, 20 августа

Көкшетауда «Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

15-30 тамыз аралығында Көкшетау қаласында балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған «Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері жүргізушілер, ата-аналар және кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Балалардың білім беру ұйымдарының маңындағы қауіпсіздігіне, жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтауына, жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерін және Жол жүрісі қағидаларын сақтауына ерекше назар аударылуда.

Жаңа оқу жылының басталуымен қала көшелерінде балалар мен жасөспірімдердің саны артады. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жүргізушілерді мектептер мен балабақшалардың, жаяу жүргіншілер өткелдерінің және балалар көп шоғырланатын орындардың маңында барынша мұқият болуға шақырады.

Сонымен қатар іс-шара барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, оның ішінде есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Балалармен, ата-аналармен және педагогтермен заң талаптарын сақтау және құқыққа қайшы әрекеттердің жауапкершілігі туралы түсіндіру кездесулері ұйымдастырылуда.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық мәдениетті арттыру — *«Заң және тәртіп»* қағидатының маңызды бағыттарының бірі. Өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі әрбір азаматтың жауапкершілігі мен қоғамдағы заң талаптарын сақтауынан басталады.

Құрметті ата-аналар мен жүргізушілер! Балалардың қауіпсіздігі — баршамызға ортақ жауапкершілік. Жол жүрісі қағидаларын сақтап, жолда мұқият болып, балалардың қауіпсіздігін бірге қорғайық!