Deprecated: File class-oembed.php is deprecated since version 5.3.0! Use wp-includes/class-wp-oembed.php instead. in /var/www/vhosts/arhat888.com/akmolinform.kz/wp-includes/functions.php on line 6170

Notice: Функция _load_textdomain_just_in_time вызвана неправильно. Загрузка перевода для домена health-check была запущена слишком рано. Обычно это индикатор того, что какой-то код в плагине или теме запускается слишком рано. Переводы должны загружаться при выполнении действия init или позже. Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arhat888.com/akmolinform.kz/wp-includes/functions.php on line 6170

Deprecated: Function create_function() is deprecated in /var/www/vhosts/arhat888.com/akmolinform.kz/wp-content/themes/viral/functions.php on line 1548
Киберспорттың әлемдік жұлдыздары «Болашақ ойындары 2026» турниріне қатысу үшін Астанаға келуде — Кокшетау Сегодня
29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Киберспорттың әлемдік жұлдыздары «Болашақ ойындары 2026» турниріне қатысу үшін Астанаға келуде

Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирінің қатысушыларын қарсы ала бастады. Елордаға әлемдегі жетекші фиджитал және киберспорт командалары келуде. Олардың қатарында ірі халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

Алдағы күндері Астана 50-ден астам ұлттың 800-ден аса спортшысын біріктіріп, дәстүрлі спорт түрлері, компьютерлік ойындар мен заманауи технологиялар тоғысатын әлемдік фиджитал спорттың басты алаңдарының біріне айналады.

Елордаға алғашқылардың бірі болып Phygital Basketball Presented by Halyk Fund дисциплинасының қатысушылары келді. Олардың қатарында MINSK, Zagrebacki malisani NITUI, Vozdovac Belgrad, Dangerous Meridianbet, Flow Game Basketball және Латын Америкасындағы ең танымал спорт клубтарының бірі саналатын Boca Juniors командалары бар. Клубтың баскетбол бөлімі Аргентинаның қазіргі екі дүркін чемпионы әрі Basketball Champions League Americas турнирінің жеңімпазы болып табылады. Ал клубтың фиджитал командасы «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna турниріне ұлттық іріктеуде жеңіске жету арқылы жолдама алды.

Фиджитал-баскетбол командаларынан кейін елорда турнирдің өзге де дисциплиналарының қатысушыларын қабылдауға дайындалуда. Астанаға келетін ең танымал ұжымдардың қатарында Xtreme Gaming, Vici Gaming, Team Falcons, Team Spirit, T1, Bigetron by Vitality, Twisted Minds, 17 Gaming, Aurora Gaming және The MongolZ бар. Олар MOBA PC Dota 2 Presented by Bank CenterCredit, MOBA Mobile MLBB Presented by FREEDOM, Battle Royale – PUBG: BATTLEGROUNDS Presented by Alatau City Bank, Phygital Shooter CS 2 Presented by Yandex GO және турнир бағдарламасындағы басқа да дисциплиналарда бақ сынайды.

Спорт нысандарында соңғы дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Турнир барысында цифрлық матчтар мен дәстүрлі жарыстарды қатысушылар мен көрермендерге арналған интерактивті аймақтар мен заманауи технологиялық шешімдер толықтырады.

Командалардың келуі турнирдің негізгі оқиғаларының басталғанын білдіреді. Фиджитал және киберспорт жанкүйерлері бұған дейін халықаралық трансляциялар арқылы ғана тамашалаған әйгілі ойыншылар мен командалардың өнерін енді Астанада тікелей көре алады.

«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтеді. Бағдарлама физикалық және цифрлық форматтарды біріктіретін сегіз дисциплинадан тұрады.

Билеттер ресми оператор Freedom Ticketon платформасында және Freedom SuperApp мобильді қосымшасында қолжетімді.

https://t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi