Алкогольге тәуелділік адамның денсаулығына, отбасына, еңбекке қабілеттілігіне және қоғамдық қауіпсіздікке кері әсер етеді. Алкогольді шамадан тыс тұтыну отбасылық жанжалдарға, құқық бұзушылықтарға және басқа да келеңсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
Қазақстанда алкогольді тұтынудың алдын алу – халықтың денсаулығын қорғау және құқық бұзушылықтардың профилактикасы бағытындағы мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі.
Жастар арасында профилактикаға ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстан Республикасында алкоголь өнімдерін 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға тыйым салынған. Сатып алушының жасына күмән туындаған жағдайда сатушы жеке басын куәландыратын құжатты талап етуге міндетті.
Сонымен қатар алкоголь өнімдерін бөлшек саудада өткізуге уақыт бойынша шектеулер белгіленген. Заң талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Алкоголизмнің алдын алуда отбасының рөлі ерекше. Ата-аналар балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударып, олардың ортасы мен қызығушылықтарын бақылап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға жағдай жасауы қажет.
Алдын алу жұмысы тек тыйым салумен шектелмейді. Мәселені ерте анықтау, медициналық және психологиялық көмекке уақытылы жүгіну де маңызды.
«Заң және тәртіп» қағидаты әр адамның жауапты мінез-құлқынан басталады. Заң талаптарын сақтау, алкогольді шамадан тыс тұтынудан бас тарту, өз денсаулығына және жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау – қауіпсіз әрі тұрақты қоғам қалыптастырудың маңызды шарттары.
Алдын алу – мәселенің салдарымен күресуден бұрын, оның алдын алу.

