25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
Вторник, 13 октября

2026 жылдың 9 айында мемлекеттік бюджеттің кірісі 20 трлн теңгеден асып, 16,3%-ға өсті

Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында мемлекеттік бюджетің кіріс бөлігінің атқарылуы туралы баяндады.

⏺️Оның айтуынша, 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қаржыландыру қамтамасыз етілді, өңірлерге және экономиканың нақты секторына қолдау көрсетілді. Бюджеттік түсімдердің өсуімен қатар инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және мемлекеттік шығыстарды бақылау үшін цифрлық құралдарды енгізу жалғасуда.

«Трансферттерді есептемегенде мемлекеттік бюджеттің кірісі 20,2 трлн теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдер 16,3%-ға немесе 2,8 трлн теңгеге өсті. Бұл ретте, өткен жылмен салыстырғанда салық түсімдері 3 трлн теңгеге өсті, өсу қарқыны – 130,3%»,
— деп баяндады Мәди Такиев.

Сонымен бір мезгілде бизнеске ҚҚС-ты қайтару шарасы да жүзеге асырылды: есепті кезеңде 2025 жылдың тоғыз айындағы 988 млрд теңгемен салыстырғанда 811,5 млрд теңге ҚҚС қайтарылды. Кедендік төлемдер бір жыл бұрынғы 3,2 трлн теңгемен салыстырғанда 706 млрд теңгеге өсіп, 3,9 трлн теңгені құрады. Үшінші елдермен тауар айналымы 14,3%-ға, оның ішінде экспорт 22,5%-ға, импорт 1,4%-ға, ал ЕАЭО елдерінен импорт 11,5%-ға өсті.

Мемлекеттік бюджет шығыстары 26,2 трлн теңгені құрады. Атап айтқанда, республикалық бюджеттен 5,3 трлн теңге зейнетақы мен жәрдемақыға, 4,4 трлн теңге өңірлерді қолдауға, 2 трлн теңге нақты секторды қолдауға бағытталды. 

❗️Мемлекеттік шығындарды бақылауды цифрландыруға ерекше назар аударылуда. Мониторингті күшейту және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне антифрод-бақылау енгізу шараларының арқасында 9 ай ішінде 23,4 млрд теңге қаржылай шығынға жол берілген жоқ. 6 634 мектепті цифрлық қаржыландыру жүйесіне көшіру тағы 34 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді.

*******

Доходы государственного бюджета за 9 месяцев 2026 года выросли на 16,3%, превысив 20 трлн теңге

Министр финансов Мади Такиев на заседании Правительства доложил об исполнении доходной части государственного бюджета.

⏺️По итогам января-сентября 2026 года обеспечено финансирование социальных обязательств государства, поддержку получили регионы и реальный сектор экономики. Наряду с ростом бюджетных поступлений продолжается реализация инфраструктурных проектов и внедрение цифровых инструментов для контроля государственных расходов.

«Доходы государственного бюджета без учета трансфертов составили 20,2 трлн теңге. По сравнению с аналогичным периодом прошлого года поступления выросли на 16,3%, или на 2,8 трлн теңге. При этом, по сравнению с прошлым годом налоговые поступления выросли на 3 трлн теңге, темп роста составил 130,3%»,
— доложил Мади Такиев.

Одновременно обеспечивался возврат НДС бизнесу: за отчетный период возвращено 811,5 млрд теңге НДС против 988 млрд теңге за девять месяцев 2025 года. Таможенные платежи выросли на 706 млрд теңге и составили 3,9 трлн теңге по сравнению с 3,2 трлн теңге годом ранее. Товарооборот с третьими странами увеличился на 14,3%, в том числе экспорт – на 22,5%, импорт – на 1,4%, а импорт из стран ЕАЭС возрос на 11,5%.

Расходы государственного бюджета составили 26,2 трлн теңге. В частности из республиканского бюджета 5,3 трлн теңге направлено на пенсии и пособия, 4,4 трлн теңге – на поддержку регионов, поддержку реального сектора – 2 трлн теңге. 

❗️Отдельное внимание уделено  цифровизации контроля госрасходов. Благодаря усилению мониторинга и внедрению антифрод-контроля в системе социального медицинского страхования за 9 месяцев предотвращены финансовые потери на 23,4 млрд теңге. Перевод 6 634 школ на цифровую систему финансирования позволил сэкономить еще 34 млрд теңге.

📱 @KZgovernment