14 қазанда Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, мыңнан астам қоғам өкілі қатысқан республикалық форумға қатысты.
📌 Басқосуда ұлттық тәрбие, адамгершілік құндылықтар, жастарды жұмыспен қамту, әйелдер құқығын қорғау және кітап оқу мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды.
Ерлан Қошанов туған тілді құрметтеу, салт-дәстүрді сақтау, үлкенді сыйлау және білімге ұмтылу отбасындағы тәрбиеден басталатынын атап өтті. Бұл құндылықтар «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» және «Адал азамат» қағидаттары арқылы нығаюы тиіс.
Форумда жастардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейту, әскери бөлімдердегі жағдайды жақсарту және азаматтық жауапкершілікті арттыру жөнінде ұсыныстар айтылды.
🤝 Жиын мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогты нығайтып, ортақ құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Адалдық, тәрбие және жауапкершілік — ел болашағының негізі 🇰🇿

