29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Вторник, 17 февраля

Национальный Банк Казахстана

Национальный Банк предупреждает о новой схеме мошенничества с банковскими картами

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ

г. Астана 17 февраля 2026 года

Национальный Банк Казахстана предупреждает об участившихся случаях телефонного мошенничества, связанных с несанкционированной блокировкой платежных карт граждан.

Злоумышленники, используя личные данные граждан, взятые из открытых источников (фишинговые сайты и опросы в общественных местах, социальные сети, маркетплейсы), обращаются в контакт-центры финансовых организаций от имени клиента с ложным сообщением об утере карты, что приводит к ее незамедлительной блокировке.

Далее злоумышленники звонят гражданам, представляясь работниками службы безопасности банка или правоохранительных органов. Под предлогом «разблокировки карты» или перевода денежных средств на «безопасный счет» они пытаются получить данные для доступа к счетам: SMS-кодам, паролям от интернет-банкинга или CVV/CVC-кодам.

В случае блокировки платежной карты рекомендуется обратиться в официальный колл-центр банка по номеру, указанному на оборотной стороне карты или в мобильном приложении. Напоминаем, что работники финансовых организаций никогда не запрашивают пароли или коды из SMS-сообщений, а также не просят установить приложения для удаленного доступа к мобильному устройству.

Также злоумышленники, находясь в непосредственной близости от банкоматов и ссылаясь на «блокировку карты», ее повреждение или превышение лимитов, просят граждан помочь с переводом денежных средств третьим лицам, обещая за это финансовое вознаграждение. В этой связи напоминаем, что совершение подобных переводов может считаться дропперством и является противозаконным.

Национальный Банк Казахстана рекомендует не передавать банковские карты, не сообщать их реквизиты, не переводить денежные средства неизвестным лицам, проявлять бдительность и перепроверять информацию в колл-центрах банков второго уровня по официальным номерам.

Напоминаем, что работники Национального Банка не осуществляют аудио и видеозвонки, не обслуживают счета физических лиц, не предлагают финансовые вложения в различные паевые инвестиционные фонды и финансовые продукты, не занимаются страхованием денежных средств, а также не проводят денежные расчеты с населением.

Если вы столкнулись с мошенническими действиями, настоятельно рекомендуем обратиться с соответствующим заявлением в правоохранительные органы Республики Казахстан.

Для получения консультации следует обратиться в Контакт-центр Национального Банка Казахстана по короткому номеру 1477.

Более подробную информацию представители СМИ могут получить по телефону:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

_______________________

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Астана қ. 2026 жылғы 17 ақпан

Қазақстан Ұлттық Банкі азаматтардың төлем картасын олардың еркінен тыс бұғаттаумен байланысты телефон-алаяқтығы жиілеп кеткенін ескертеді.

Қаскөйлер ашық дереккөздерден (фишингтік сайттар мен қоғамдық орындардағы сауалнамалардан, әлеуметтік желілер мен маркетплейстен) алынған азаматтардың жеке деректерін  қолданып, қаржы ұйымдарының байланыс орталығына клиент атынан жүгінеді. Яғни олар банк картасы жоғалғанын айтып, жалған хабардың күшімен төлем картасының бұғатталуына себеп болады.

Кейін алаяқтар азаматтардың өзіне қоңырау шалып, өзін банктің немесе құқық қорғау органының қауіпсіздік қызметі өкілі деп таныстырады. Сөйтіп «картаны бұғаттан шығарамыз» немесе «қауіпсіз шотқа ақша аударамыз» деген желеумен азаматтың шотына қол жеткізуге мүмкіндік беретін SMS-код, интернет-банкингке арналған пароль, болмаса, CVV/CVC-код секілді деректерді алуға тырысады.

Төлем картасы бұғатталған жағдайда картаның екінші бетінде немесе мобильді қосымшада көрсетілген нөмір арқылы банктің ресми колл-орталығына хабарласқан дұрыс. Есіңізде болсын, қаржы ұйымдарының қызметкерлері SMS-хабарламада көрсетілген пароль мен кодты ешқашан сұрамайды және мобильді құрылғыны қашықтан басқаратын қосымшаларды орнатуды талап етпейді.

Сондай-ақ, банкомат маңын торуылдап жүретін қаскөйлер де кездеседі, олар «картам бұғатталып қалды», «картамды зақымдап алдым» немесе «ақша алатын лимит таусылды» деген түрлі сылтау сөздермен басқа бір үшінші адамның шотына ақша аударуға көмек сұрап, орнына қосымша ақшалай сыйақы уәде етеді. Осыған байланысты да еске саламыз, мұндай аударымдар, әдетте, заңға қайшы әрекет саналып, дропперлік әрекет болып қабылдануы мүмкін.

Қазақстан Ұлттық Банкі банк картасы мен оның деректерін ешкімге бермеуге, бейтаныс адамға ақша аудармауға, әркез қырағы жүруге және кез келген ақпаратты екінші деңгейлі банктердің ресми нөмірлері арқылы колл-орталығына қоңырау шалып, тексеріп алуға кеңес береді.

Ұлттық Банк қызметкерлері жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, аудио және видеоқоңырау шалмайтынын, түрлі инвестициялық пай қорлары мен қаржы өнімдеріне ақшалай салым салуды ұсынбайтынын, қаражатты сақтандырумен айналыспайтынын және халықпен ақшалай есеп айырысу операцияларын жүргізбейтінін еске саламыз.

Егер сіз алаяқтық әрекетке тап болсаңыз, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына тиісті арызбен жүгінуге кеңес береміз.

Консультация алу үшін 1477 қысқа нөміріне қоңырау шалып, Ұлттық Банктің Байланыс орталығына хабарласуға болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz