29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Понедельник, 4 марта

Мәжілістегі бір орынға орта есеппен 15 кандидат таласады

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындыларын шығардық. Атап айтқанда, Парламент Мәжілісіне 7 саяси партияның партиялық тізімдері бойынша 281 кандидат, ал бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша 435 кандидат тіркелді. Орта есеппен қарасақ, бір мандатқа 15 адам күреседі

— деді ол.

Ал, мәслихаттардағы бір орынға орта есеппен 3 кандидаттан келеді.

Мәслихаттардың депутаттығына саяси партиялардың 118 партиялық тізімі бойынша 1 447 кандидат, мәслихаттардың депутаттығына бір мандатты сайлау округтері бойынша 10 288 кандидат тіркелді. Олар 3 081 мандат үшін күреседі. Сонда бір мандатқа орта есеппен 3,34 үміткер деп айтуға болады

— деді Нұрлан Әбдіров.

Еске салсақ, кеше Мәжіліс пен мәслихат сайлауының үгіт-насихат кезеңі басталды.

Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы партиялардың атаулары сайлау бюлетенінде қандай тәртіппен орналасатынын жеребе арқылы анықтаған болатын.

Жеребе қорытындысына сай, 19 наурызға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға кезектен тыс сайлауда дауыс беруді өткізу кезеңінде саяси партиялардың атаулары сайлау бюлетенінде келесі тәртіппен орналасады: Amanat партиясы – бірінші, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – екінші, «Respublica» партиясы – үшінші, Қазақстан халық партиясы – төртінші, «Байтақ» жасылдар партиясы – бесінші, «Ақ жол» партиясы – алтыншы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – жетінші орында.
Подписывайся на наш Телеграм-канал! Будь в курсе новостей!