29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Конституцияға енгізілетін өзгерістер бизнеске әсер ете ме?

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге 5 маусымда өтетін референдумда Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы түсіндірді.

Жиынға конституциялық реформалар туралы айтатын арнайы спикерлер шақырылды. Онлайн форматта жиынға өңірлерлегі палата филиалдарының өкілдері қатысты. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров Конституцияның үштен біріне өзгеріс енгізу көзделіп отырғанын айтты.

Елдегі экономикалық және саяси өзгерістер аясында бизнестің қалай дамитыны өте маңызды

— деді Өстеміров.

Кәсіпкерлерді Конституцияға енгізілетін өзгерістер бизнес саласына қалай әсер ететіні алаңдатады. Осыған орай, олар спикерлерге бірқатар сұрақ қойды.
Елорданың қоғамдық кеңесінің мүшесі Бауыржан Смайылов саясат пен экономика бірге жүретінін айтты.

Кәсіпкерлер елдегі реформаларға қатысуда белсенділік танытуы керек. Президентті қолдап, референдумға қатысуда да ерекшеленуі керек деп ойлаймын

— деді Смайылов.