29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Еліміздің ішкі тәртібі — біздің ортақ міндетіміз

21 сәуір күні Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Әбжанов Бауыржан Садықұлы Орталық өңірлік қолбасшылығына арнайы сапармен келді. Сапар барысында Бауыржан Садықұлы Қарағанды қаласындағы Б.Бейсенов атындағы полиция Академиясына шолу жасады.

Сардарды полиция Академиясының бастығы генерал-майор Дәрменов Ақынқали Даутбайұлы қарсы алып, оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамын ұсынып, дәрісханалардың жұмысымен таныстырды. Өз сөзінде генерал-майор Бауыржан Әбжанов бірлесе атқарып келе жатқан абыройлы қызметті жоғары бағалап, оқытушылар құрамына шығармашылық табыс пен курсанттарға алғы уақытта озық білім игеруіне тілек білдірді.

Шара соңы Академия мұражайына Ұлттық ұлан құрамаларың 30 жылдық тарихына толы жазбалар жинағы «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП ӘСКЕРЛЕРІ» атты кітабын табыстаумен аяқталды.

Горячая линия WhatsApp — делись новостями с редакцией! +7 775 244 99 15