ТМД Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылары сайлау учаскелерінің жұмысы туралы айтты
Қазақстандағы сайлау учаскелеріндегі рәсімдер ел заңнамасына және сайлау өткізудің халықаралық стандарттарына толығымен сәйкес келді. Бұл туралы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық байқаушылар тобының үйлестіруші Дилрабо Мансури айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін тура сағат 7-де сайлау учаскелерінің ашылғанын көрдік. Таңертеңнен учаскелерде тіпті кезек болғанын, сайлаушылар белсенділік танытып жатқанын, мерекелік көңіл-күйді байқадық. Сағат 7-де сайлау учаскесі ашылған кезде Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды және одан әрі барлық рәсімдер Қазақстанның заңнамасына және сайлау өткізудің халықаралық стандарттарына толығымен сәйкес келді
- деді Дилрабо Мансури елордадағы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығындағы брифингіде.
Оның айтуынша, ТМД