Халық қалаулылары құқық қорғау әскерлерінің тұрмысымен танысты
2023 жылдың 12 тамызында Маслихат депутаты Шүкіржан Кулжамбеков арнайы іс-сапарымен Қарағанды қаласының жедел мақсаттағы 5451 әскери бөліміне шолу жасап, тыныс-тіршілігімен таныса өтті.
Кездесу барысында бөлім командирі подполковник Рауан Омаров депутатқа бөлімнің жауынгерлік жолына тоқталып, әскери қызметшілердің жатын-жайы мен тұрмыс-тіршілігін көрсетіп таныстырды.
Сапар барысында, депутаттар әскери бөлім басшылығымен кеңес ұйымдастырып, әскерилердің әлеуметтік және тұрмыстық жағдайын жақсарту мәселесін талқылады.
Кездесу соңында халық қалаулылары бөлім жеке құрамына қызметтік табыс, сәттілік тіледі.