#Референдум2026: Ақмола облысындағы сайлау учаскелерінде тақырыптық фотозоналар ұйымдастырылды
Ақмола облысындағы сайлау учаскелерінде референдум символикасы мен #Референдум2026 хэштегі бейнеленген тақырыптық фотозоналар безендірілді. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – дауыс беру учаскелерінде ашық әрі заманауи атмосфера қалыптастыру және азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысу белсенділігін арттыру.
Фотозоналар баннерлер мен пресс-стендтер түрінде жасақталып, қосымша навигациялық элементтермен және символикалық инсталляциялармен толықтырылған. Барлық көрнекі материалдар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес рәсімделіп, тек ақпараттық-коммуникациялық мақсатта пайдаланылуда.
Алғашқылардың бірі болып мұндай тақырыптық фотозоналар Көкшетау қаласындағы сайлау учаскелерінде орнатылды. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтары дауыс бергеннен кейін референдум символикасы бейнеленген бан










