400-ге жуық көкшетаулық Қазақстан Полициясы күніне арналған марафонға қатысты
20 маусым күні «Жаңа жағалауда» Қазақстан Полициясы күніне арналған спорттық мереке өтті. Жаппай жарысқа 400-ге жуық адам – полиция қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, кәсіби спортшылар мен жеңіл атлетиканы сүйетіндер қатысты.
Іс-шара екінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Биылғы жылы марафон ішкі істер органдары жүйесінде «Арлан» спорт клубының ашылуына, сондай-ақ Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналды. Акцияның басты мақсаты – салауатты өмір салтын, дене белсенділігін насихаттау және есірткі құралдарын қолдануға теріс көзқарасты қалыптастыру. Сонымен қатар, марафон Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталып, қоғамда заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілік мәдениетін нығайтуға ықпал етті.
Мерекеге қатысушы










