29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

ЦИК зарегистрировала партию AMANAT на выборы

Центральная избирательная комиссия РК зарегистрировала партийный список партии AMANAT на выборы депутатов Мажилиса Парламента РК, передает корреспондент МИА «Казинформ».

В партийном списке партии AMANAT 90 человек. Из них 29 человек — женщины, молодежь и лица с инвалидностью, что составляет 32,2% от общего числа, включенных в список. Центральная избирательная комиссия совместно с уполномоченными государственными органами провела проверку соответствия лиц, включенных в партийный список, требованиям Конституции и Конституционного закона «О выборах». Все включенные в партийный список лица соответствуют требованиям Конституции и Конституционного закона «О выборах»

— сообщил секретарь ЦИК Мухтар Ерман на заседании.

По его данным, на выборах депутатов Мажилиса 10 января 2021 года партия AMANAT получила 71,09% голосов избирателей, в этой связи партия освобождается от уплаты избирательного взноса.

Список кандидатов от партии AMANAT утвержден во время внеочередного съезда 7 февраля. В него вошли 90 человек по партийным спискам и 29 человек по одномандатным округам. Таким образом, для участия в предстоящих выборах представлены 119 кандидатов. Документы о выдвижении кандидатов в депутаты от партии поданы в ЦИК 8 февраля.

Выборы депутатов Мажилиса в Казахстане состоятся 19 марта. На эту же дату запланированы выборы депутатов маслихатов.
Наш блог в Twitter! Будь в курсе новостей!
Бүгін Орталық сайлау комиссиясы AMANAT партиясының Мәжіліс депутаттығына кандидаттарының партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

AMANAT партиясы 90 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды. Бұл тізімдегі 29 кандидат: әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар. Олар кандидаттардың жалпы санының 32,2 пайызын құрайды. Орталық сайлау комиссиясы өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адам Конституцияның және «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді

— деді ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.

Оның атап өтуінше, партиялық тізімді ұсынған партиялар партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін ҚР заңнасында белгіленген ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінде ОСК шотына саяси партиялардың қаражатынан сайлау жарнасын енгізеді.

Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 5 және одан да көп пайыз дауысын алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді. 2021 жылғы қаңтарда өткен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында AMANAT партиясы сайлаушылар дауысының 71,9 пайызын алған. Осыған байланысты AMANAT партиясы сайлау жарнасын төлеуден босатылады

— деді ол.

Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясының мүшелері AMANAT партиясы қоғамдық бірлестігінен Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың ҚР Конституциясында және «Сайлау туралы» Конституциялық заңда оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы, AMANAT партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы хаттамаларға қол қойды.

Amanat партиясының Мәжіліс сайлауына ұсынатын кандидаттарының толық тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.