Қарт азаматтар тәуекел аймағында: желілік бизнес түрінде жасырынған алаяқтықты қалай танып-білуге болады
Қаржы пирамидалары мен алаяқтық схемалар бүгінде желілік бизнес, инвестициялық клубтар, сауықтыру бағдарламалары және өзара көмек қауымдастықтары ретінде бүркемеленіп жүр. Әсіресе егде жастағы азаматтар олардың негізгі нысанасына айналуда.
Алаяқтар қосымша табыс, қаржылық тәуелсіздік және тұрақты қолдау туралы уәде береді. Алайда мұндай жобалардың негізгі табысы нақты тауар немесе қызмет сатудан емес, жаңа қатысушыларды тартудан құралады. Нәтижесінде азаматтар жинақтарынан айырылып, қарызға батуы мүмкін.
ҚМА мәліметінше, 2025 жылы қаржы пирамидалары бойынша тергеулер 21,5 мыңға жуық салымшыны қамтып, келтірілген шығын көлемі 20 млрд теңгеден асқан.
*Алаяқтық схемалардың негізгі белгілері:*
* тәуекелсіз жоғары табысқа кепілдік беру;
* жаңа қатысушыларды тарту арқылы табыс табуд









