Болашақта сайлау жәшіктері бюллетендерді автоматты есептейтін техонологиямен жабдықталады — Бағдат Мусин
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин келешекте дауыс беру жүйесіне 2 жаңашылдық енгізу жоспарланып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Министрдің айтуынша мұндай тәсіл сайлау процесіне жалған бюллетендердің қосылуын болдырмайды.
Біз Орталық сайлау комиссиясымен бірге екі мәселені талқылап жатырмыз. Мысалы, дауыс берушіні сайлау округіне бекіту және тіркеуден шығару мәселесі бар. Бір облыстан екінші облысқа барып дауыс беретін болса, тұрғылықты округте тіркеуден шығуы керек. Келешекте осыны онлайн түрде жасауға болады
- деді ол депутаттар сайлауында дауыс беріп болғаннан кейін.
Сондай-ақ Бағдат Мусин сайлау жәшіктерін жаңа технологиямен жабдықтау мәселесі талқыланып жатқанын атап өтті.
Жәшікке бюллетеньді салған кезде қанша