Шетелде 10 учаскенің жұмысы аяқталды – СІМ
Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко шетелдегі қазақстандықтардың дауыс беруі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясының кезекті брифингі барысында сыртқы істер министрінің орынбасары шетелдегі сайлау учаскелерінің жұмысы туралы баяндады.
Шетелдегі азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан 53 мемлекетте 68 учаскелік сайлау комиссиясы құрылған болатын, дауыс беретін сайлаушылардың жалпы саны 12841 адамды құрады. 19.00-дегі жағдай бойынша шетелде 10 учаскенің (Сеул, Токио, Пекин, Сингапур, Куала-Лумпур, Улан-Батор, Гонконг, Шанхай, Бангкок, Джакарта) жұмысы аяқталды. Нәтижесінде 7400-ге жуық Қазақстан азаматы өз дауысын беріп үлгерді. 57 сайлау учаскелері әлі өз жұмысын