Қазақстан Ұлттық Банкі алаяқтықтың жаңа схемалары туралы ескертеді
Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және форумдарда теріс пиғылды адамдар инвестициялық компаниялардың атынан «токенделген алтынға», «асқан жоғары табысты жасанды интеллект әзірлемелеріне», «нейрожелі негізіндегі трейдер-роботқа» салынған қаражаттан кепілді табыс туралы хабарламалар таратуда.
Алаяқтар өздерін қаржылық кеңесші ретінде таныстырып, «инвестициялық платформаның» немесе «криптовалюта сервисіндегі» жоғары табыстылықтың жалған статистикасын көрсетеді және брокерлік немесе криптовалюта платформасының жасанды веб-сайтына тіркелуге көмектеседі. Мұндай сайттарда нақты инвестициялық қызметтің жалған көрінісі жасалады: графиктер, жасалған мәмілелер тарихы, жеке кабинет және қолдау чаты көрсетіледі.
Сенімділік үшін теріс пиғылды адамдар пайдаланушының сеніміне кіру мақсатында «па









