29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Воскресенье, 28 апреля

«Қазақ тазысы – Ұлт құндылығы» (фото)

Бұланды ауданында «Қазақ тазысы – Ұлт құндылығы» атты құмай тазылар жарысы өтті.

Оған Қарағанды облысы, Астана, Көкшетау және көршілес аудандардың жүздей жүйрік тазылары қатысты. Жарысқа әкелген 23 тазыны 4 топқа бөліп жарыстырды, кейін жеңімпаздар финалда бақ сынады.

Тартысты өткен жарыс нәтижесі бойынша 1-орынды Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданынан келген Кербез деген тазы иеленді иесі Айзат.

2-орын да Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданына бұйырды Арлан деген тазы иесі Алибек.

3-орынды Астанадан келген Тұйғын деген тазы иеленді иесі Бақболат.

Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтар мен Алғыс хат, медаль, кубоктармен марапатталды. «Еңүздікұлттықкиім» номинациясында Елдос Кәрімқожа марапатталды. Ұлттық құндылығымыз саналған тазы жарысы ауданымызда алғаш рет өтіп отыр.

Подписывайся на наш Телеграм-канал! Будь в курсе новостей!