29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Қарағандылық ұландар қатары 400-ден астам жас сарбазбен толықты

Өткен демалыс күндері Қарағанды қаласындағы Ұлттық ұланның 6505 әскери бөлімінде салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Сарбаздарға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдіру үшін Ұлттық ұлан “Орталық” өңірлік қолбасшылығының басшылығы, бөлімнің ардагерлер құрамы мен сарбаздардың ата-аналары арнайы келді. Іс-шараны құрама командирі полковник Бауыржан Мұратбекұлы құттықтау сөзімен бастады.

Сарбаздар, бүгін сапта тұрған әрбіреуің үшін жауапты күндердің бірі. Әскери антты ержігіт өмірінде тек бір-ақ рет қабылдайды, есесіне антына адал болу, бұл мәңлігікке. Сондықтан, ел қорғаушылар, осы күннен бастап бөліміміздің қатарында адал да абыройлы қызмет етесіңдер деп сенемін

— деді құрама командирі сарбаздарға өз сенімін білдіріп.

Айта кетелік, аталмыш іс-шара барысында Жамбыл, Алматы, Ақмола, Түркістан, ОҚО, СҚО, ШҚО облыстарынан шақырылған 400-ден астам жас сарбаз көпшілік алдында еліне ақтық демі қалғанша абыроймен қызмет етуге серт берді.

Әрбір ер азаматтың борышы — елі мен жерін қорғау. Бүгін міне, біздің шақырылым әскери анттарын қабылдап, Отан қорғаушы атанды. Антымызға адал боламыз

— деп жас жеткіншектердің қатарынан Жамбыл облысынан шақырылған қатардағы Ускенов Мырзабек Мейрамович сөз сөйледі.

Наша страница в Фейсбук! Подпишись!