Ақмола облысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері жергілікті халықпен, жастармен, спортшылармен, еңбек ұжымдарымен және туристік сала өкілдерімен кездесулер өткізді.
Сапар өңір халқымен, этномәдени бірлестіктермен кездесуден басталды. Көкшетаудағы «Болашақ сарайында» 400-ге жуық адам – зиялы қауым, шағын және орта бизнес өкілдері, ақсақалдар, мәслихат депутаттары, денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлері, басқа да белсенді азаматтар жиналды.
Алқалы жиында сөз сөйлеген Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов еліміздегі қоғамдық диалогты жаңа деңгейге көтеретін түбегейлі жаңа орган – Халық кеңесінің құрылуына ерекше назар аударды.
– Жаңа Конституция арқылы Халық кеңесі институты құрылады. Ол Қазақстан халқының ортақ мүддесін білдіретін ең жоғары консультативтік орган болады. Ассамблеяның барлық инфрақұрылымы мен бірегей тәжірибесі сақталып, өз жұмысын жалғастырады. Халық кеңесі өңірлерді, азаматтық қоғамды және этномәдени бірлестіктерді біріктіреді. Яғни, халықтың көпэтникалық үні айқындала түседі деген сөз. Осылайша, Ассамблеяның ұзақ жылдар бойы жиған тәжірибесін пайдаланып, өз бетінше заңнамалық күн тәртібін қалыптастыратын біртұтас құрылым қалыптасады, – деп атап өтті Ерлан Қошанов.
Ақмола облысының тұрғындары жаңа Конституция жобасын талқылады
| 143 просмотров
Поделиться:

