29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Суббота, 7 сентября

Аmanat партиясы ұландарға алғысын білдірді

2024 жылғы 27 мамыр күні «AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Қомарұлы Алтынбеков, облыстық мәслихат депутаттары Ғани Тоқсанбаев, Владимир Шнель, партияның Қарағанды қалалық филиалының төрағасы Юлия Бадина Ұлттық ұланның 5451 әскери бөлім жеке құрамына салтанатты түрде алғыс хаттарын табыстады.

Аталмыш шара Қарағандылық ұландардың Атырау облысында су тасқыны салдарына көмекке дер кезінде жетіп, бір ай көлемінде жасалған ерең еңбектерінің құрметіне өткізілді.

Біздің жауынгерлер барлық ауыртпашылыққа төтеп беріп, өздерінің міндетін абыроймен атқарып келді. Алапат су тасқыны күн сайын ұлғая бастап, әр сағатымыз маңызды болды. Бір ай көлемінде әскерилер Атырау облысының бірнеше аумағына бөлініп атқарды

— дейді бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары майор Өміржан Ғабит.

Шара барысында халық қалаулылары ұландықтарға ұжымдық сыйлықтар сыйлап, мадақтама грамоталарын табыстады.

Подписывайся на наш Телеграм-канал! Будь в курсе новостей!