Алғыс айту күні – қазақ елінде береке мен бірліктің ұйысқан тұстағы тұтастығын айқындайтын, мейрамға толған көктем айының алғашқы күніне тұспа-тұс белгіленген берекелі мереке. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке бастамасымен 2016 жылдың 14 қаңтарында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні наурыз айының бірінші жұлдызын «Алғыс айту күні» деп жариялап, жарлыққа қол қойды. Ақпан аязын артқа тастаған көктемнің күндері де Қазақстан халқының мейріміндей шексіз жылы, кіршіксіз таза ауасы кірбің түспеген халқымыздың пәк көңіліндей. Мейрімге толған дархан даламызда бұл мейрам қазақ халқының арасында да, өзге ұлт пен ұлыс өкілдерінің арасында да шексіз шапағатпен, кіршіксіз махаббатпен аталып өтетіні көңілді қуантады.
5510 әскери бөлімінің 4-жеке атқыштар ротасы да бұл мейрамды атап өтуден қалыс қалмады. Атбасар қаласындағы аталмыш ротада бүгінде 135 сарбаз қызметін адал атқару үстінде. Бұл жас жауыңгерлердің қатары тек қазақ пен орыс ұлтынан құралмады. Тәуелсіз Отанымыз Қазақстан Республикасының алдындағы қасиетті борышын өтеу кәріс,өзбек,түрік,дағыстан және тағы басқа да ұлт пен ұлыс өкілдерінің жастарына бұйырды.
Жас сарбаздар бүгінде татулық пен бірліктің бағамын берік ұстап, бір жанұядай ұйысқан қалпында, еліміздің тұтастығы мен түгелдігінің айқын белгісін көрсете қызмет атқаруда. Солардың бірі қатардағы жауыңгер Ким Богдан Дмитриевич.
Ким Богдан 5510 әскери бөліміне Қарағанды қаласынан шақырту алған. Қушоқы ауылының тумасы Ким, ұлты кәріс болғанымен, қазақ балаларымен асық ойнап, ат шауып бірге өскен. Ауылдағы халықтың қонақжайлылығы мен кеңпейілділігін, татулық пен ынтымықтастықтың нақ бейігін көріп өскен Богданның болашағы әскерде қандай боларын білмеген ата-анасы алғашында уайым жегенін жасырмады. Бір нанды бөліскен әскери достары мен қарулас бауырлары ұлт-ұлтқа бөлінбей бір үйдің баласындай уақытын тиімді өткізуде.
Мен қазақ халқын өте қатты құрметтеймін. Оларға деген махаббатым мен адалдығымды сөзбен жеткізу мүмкін емес.Ес білгелі қазақ балаларымен тай құлындай тебісіп өсіп, олардың маған деген ілтипатын еріксіз сезінетінмін.Әскерге келгенімде де дәл солай жаңа достармен қатарымды толықтырып,олармен нық кері байланыс орнату арқылы бір-бірімізге деген сыйластығымызды одан әрі арттыра түсудеміз.Әскери қызметке берік болып, қиындықтар мен ауыртпалықтарға бірге төтеп беру үшін бір жұдырықтай жұмыламыз.Менің қарулас бауырларымның арасында ұлт-ұлтқа бөлінбеу басты принципке айналған. Сержанттар мен офицерлердің татулығы мен бірлігін сақтауын, бізде өнегелі тәрбие ретінде қарап келеміз. Әрқашан бір-бірімізге қолдау көрсетіп, Отан алдындағы қызметімізді адал атқаруға, ата-анамыздың жанына аман-есен оралуымызға деген ұмтылысымызды анық әрі айқын орындауға міндеттіміз.Мен мейрімі сарқылмайтын қазақ халқына осынша көрсеткен дархандығы үшін алғысымды білдіремін
— деп ағынан жарылды қатардағы Ким.
Богданның әскери қызметке дейінгі өмірінде де қоршаған ортасы түрлі ұлттардан құралған. Бала кезіндегі футбол бапкері Борис Чернеевке(кәріс), өзінің құрама командасында 7 бірдей этнос өкілдерін (қазақ,орыс,поляк,шешен,татар,сыған) бір шаңырақ астында тәрбиелеген ұстазына ерекше алғысын айтқысы келетінін де жасырмады.Бүгінгі күні тәлімі мен тағылымы ұштасқан ұстазым деп 4-жеке атқыштар ротасының Рота Командирінің ТжӘҚЖжО капитан Эртаевты құрметтейтінін алға тартты. Білімділігі мен біліктілігі бір арнаға тоғысқан ұстазы Серікбай Бақтиярұлына алғысын айтатынын ерекше атап өтті.
Алғыс айту күні – том-том кітаптағы тарих жазулары сінбеген,көкжиектен қиыр шеті көрінбеген қазақтың көңіліндей кең даласының сай-саласын мекендеген барлық халықтың ортақ мерекесі.Бірлік пен берекенің бағамын берік ұстап келе жатқан халқымызға басқаның айтар алғысы ешқашан шектелмейтіні айқын көрінісін тауып отыр.Бір-бірімізге айтар алғысымыз сарқылмасын.