Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылғанына 35 жыл толуына орай Ақмола облысының прокуратурасы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің заң факультеті студенттерімен «Болашақ прокурорлар кеңістігі» атты кездесу ұйымдастырды.
Іс-шара барысында болашақ заңгерлерге прокурорлық қызметтің ерекшеліктері, қызметке қабылдау тәртібі және үміткерлерге қойылатын талаптар туралы ақпарат берілді.
Кездесуге прокуратура органдарының ардагері қатысып, студенттермен кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, заңға қызмет етудің маңыздылығы туралы әңгімеледі.
Мұндай кездесулер жастардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға, прокурорлық қызметтің қыр-сырын тереңірек түсінуге және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ықпал етеді. Сонымен қатар, ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, прокуратура органдарының болашақ кадрлық әлеуетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бастама «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында жүзеге асырылып, жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, заңға құрмет пен қоғам алдындағы жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.

