25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
Пятница, 30 октября

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы аллеяның негізі қаланды

Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектепте жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында ағаш отырғызу акциясы өтті. Іс-шараға мектеп ұжымы, 11-сынып оқушылары және ғылыми қауымдастық өкілдері қатысып, білім ордасының аумағын көгалдандыруға үлес қосты.

Акцияға Еуразия ұлттық университетінің филология ғылымдарының докторы, профессоры Раушан Нұрханқызы Иманжүсіп те қатысты.

Іс-шара барысында мектеп аумағына 20 түп ырғай мен 5 түп шырша отырғызылды. Осылайша, Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы аллеяның негізі қаланды. Бастама мектеп аумағын абаттандырумен қатар, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті өкілінің есімін ұлықтауды да мақсат етеді.

Ағаш отырғызу жұмыстарына оқушылардың қатысуы олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға және туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етеді. Мұндай шаралар жас ұрпаққа табиғатты қорғаудың маңызын іс жүзінде көрсетеді.

Жаңа аллея алдағы уақытта мектеп аумағының көркін арттырып қана қоймай, ұлттық мұраға құрмет пен ұрпақтар сабақтастығының символына айналмақ.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында ұйымдастырылған бұл шара экологиялық тәрбие мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуді ұштастырды. Табиғатты аялау мен туған өлкені көркейту – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі.