Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері арасындағы цифрлық ынтымақтастықты нығайту және жасанды интеллект технологияларын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды.
🤖 Президент Қазақстанның цифрлық мемлекетке айналуды мақсат етіп отырғанын атап өтті. Биыл елімізде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы жарияланды.
📌 Қазақстандағы негізгі жетістіктер:
🔹 Астанада Alem.ai жасанды интеллект орталығы құрылды.
🔹 Жасанды интеллект мамандарын даярлайтын Qazaq AI Research университеті ашылды.
🔹 Қуаттылығы 1 ГВт болатын деректерді өңдеу орталықтарының алқабы құрылуда.
🔹 Екі суперкомпьютер іске қосылды, үшіншісін іске қосу жоспарлануда.
🔹 Цифрлық кодекс пен «Жасанды интеллект туралы» заң қабылданды.
🌐 Сонымен қатар Қазақстан мен Әзербайжан арасында Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды.
🤝 Мемлекет басшысы түркі елдері арасында Киберқауіпсіздік кеңесін, Цифрлық мониторинг және инновациялар орталықтарын құру бастамаларын жеделдетуді ұсынды.
🇰🇿 Қазақстан цифрландыру саласындағы тәжірибесін бауырлас мемлекеттермен бөлісуге дайын екенін білдірді.
#Қазақстан #ҚасымЖомартТоқаев #Цифрландыру #ЖасандыИнтеллект #ТүркіМемлекеттері #Ақорда

