Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның бастамасымен Түркі мемлекеттері ұйымы аллеясының ашылғанына ерекше тоқталды.
🔹 Президент аллея түркі халықтарының мызғымас бауырластығының символына айналатынына сенім білдірді.
🌍 Сонымен қатар әлемдегі геосаяси ахуалдың күрделенуі, Таяу Шығыстағы жағдай және Ормуз бұғазы төңірегіндегі шиеленістің халықаралық сауда мен көлік-логистикалық байланыстарға кері әсері туралы айтты.
📊 Мемлекет басшысының мәліметінше, Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен сауда айналымы биыл 10 миллиард долларға жуықтап, өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға артқан.
🔹 Президент «Түркі әлемінің келешегі – 2040» бағдарламасын тиімді іске асыру және Ұйымның 2027–2031 жылдарға арналған стратегиясын қабылдау қажеттігін атап өтті.
🤝 Сондай-ақ экономикалық ықпалдастықты күшейту мақсатында Түркі инвестициялық қоры мен Түркі сауда-өнеркәсіп палатасының әлеуетін пайдалануды ұсынды.
🇰🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы Қазақстанда Іскерлік форумын өткізуді ұсынып, түркі мемлекеттері арасындағы сауда, инвестиция, цифрлық технология және білім салаларындағы ынтымақтастықты дамыту маңызды екенін жеткізді.
#Қазақстан #ҚасымЖомартТоқаев #ТүркіМемлекеттері #ХалықаралықЫнтымақтастық #Экономика #Ақорда

