Қосшы қаласының прокуратурасы қалалық Білім бөлімімен бірлесіп, «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету және жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында қала мектептері арасында «Адал азамат – біртұтас тәрбие» атты жайдарман сайысын ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында заңға құрметпен қарау, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ өскелең ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін арттыру.
Сайыс барысында мектеп оқушылары әзіл мен астарлы ойды ұштастыра отырып, қоғамдық тәртіп, заң үстемдігі және құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыптарында сахналық қойылымдар ұсынды. Қатысушылар өз өнерлері арқылы заң талаптарын сақтау мен әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігінің маңызын жеткізді.
Іс-шара қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен командалар жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрініп, оларға бағалы сыйлықтар мен алғысхаттар табысталды.
Мұндай тәрбиелік іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарауға және қоғамда құқық бұзушылықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету және жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесін нығайту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

