Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде бюджет қаражатының пайдаланылуын «Онлайн-бюджеттік мониторинг» модулін қолдана отырып, нақты уақыт режимінде бақылау жалғасуда.
«Онлайн-бюджеттік мониторингі» модулі білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және туризм салаларында қолданылады. Ол нақты уақыт режимінде бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын, соның ішінде еңбекақы төлеуді бақылауға мүмкіндік береді.
Ерекше назар қызметкерлерге негізсіз төлемдерді бүркемелеп,жалақы ретінде карт-шоттарға аударымдарды талдауға аударылады.
Тексерулер тәуекелдердің бар екенін бірқатар жағдайда көрсетті,бұл цифрлық мониторингті әрі қарай дамыту қажеттілігін дәлелдейді. Кешенді тәсіл мен заманауи технологиялар бюджет қаражатын бақылауды анағұрлым тиімді әрі ашық етеді.
Осылайша, Департамент 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 тамызға дейінгі кезеңде ОБМ арқылы еңбекақы төлемдерін мониторнгтеу жүргізіп, барлығы 41419 тәуекелді төлем бойынша барлығы 1642 хабарламалар жолданды оның ішінде:
— білім беру саласында 38123 тәуекелді төлем бойынша барлығы 902 хабарламалар;
— мәдениет саласында 3058 тәуекелді төлем бойынша барлығы 679 хабарламалар;
— денсаулық сақтау саласында 238 тәуекелді төлем бойынша барлығы 61 қою хаттары хабарламалар;
Заңсыз төлемдер расталған 29 тәуекелді төлем бойынша қаражат мемлекеттік бюджетке қайтарылды.
Департамент мониторинг нысанының хабарламаны орындамаған және жоғары тәуекелдерді сақтаған жағдайында мемлекеттік аудит тағайындалады, оның қорытындысы бойынша жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулі арқылы жалақы төлеудің жүргізілген мониторингінің нәтижелері
| 13 просмотров
Поделиться:

