29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Президент мемлекетіміздің дамуына Тәуелсіздіктің елең-алаңынан бастап белсене атсалысып келе жатқан Александр Судьинге алғыс айтты

– Мемлекеттік қызметте жұмыс істеген жылдары зор құрметке ие болдыңыз. Парламент Сенатының депутаты ретінде халық мүддесін қорғадыңыз. Вице-спикер және Сенат аппаратының басшысы ретінде қазақстандық парламентаризмнің дамуына қосқан үлесіңізді айрықша атап өткім келеді. Сіздің кәсіби еңбегіңіз жоғары бағаланып, Отанға адал қызмет етудің үлгісіне айналды, – деді Мемлекет басшысы.

✔️Президент театр және кино саласында жарты ғасырдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан белгілі режиссер Нұрқанат Жақыпбайдың төл мәдениетімізді өркендету жолындағы еңбегі зор екенін жеткізді.
 
– Көрерменнің көзайымы болған мазмұнды қойылымдарды сахналап, театр әлемінің нағыз майталманы ретінде танылдыңыз. Көптеген пьесалар мен фильмдерде түрлі рөлдерді шебер сомдап, халықтың ыстық ықыласына бөлендіңіз. Бүгінде жас таланттарды өнерге баулып, оларға бағыт-бағдар беріп келесіз. Руханият саласын дамытуға сіңірген еңбегіңіз үшін өзіңізге шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
 
t.me/aqorda_resmi